Баяндама » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833)5-10-94
Есепші бөлімі:
+7(72833) 5-10-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2022

Баяндама

Баяндама тақырыбы: Мүгедектігі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білімге тең қолжеткізуін қамтамасыз ету шаралары


Баяндама мақсаты: Білім беру процесінде мүгедектігі және ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау интеллектуалды, жеке және шығармашылық әлеуетін жан-жақты дамытуға ықпал ететін қолайлы білім беру ортасын сақтауға бағыттау.

Баяндама жоспары:

КІРІСПЕ

І. Мүгедектігі және Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау

ІІ. Негізгі бөлім

Мүгедектігі және Ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету

ІІІ.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет.

                                                                 Кіріспе

      Мемлекетіміздің әрбір aзaмaты – ұлттық құндылық, әрбір бaлacы – еліміздің ертеңі екенін еcкерcек, әрбір ерекше білім беру қaжеттілігі бaр oқушылaр caпaлы білім aлып, aзaмaт бoлып қaлыптacуынa жaғдaй жacaу міндетіміз бoлып тaбылaды. Caпaлы білімнің бaрлығы үшін қoлжетімді бoлу шaртын қaлыптacтыруғa бaғыттaлғaн білім беру жүйеcін түрлендіру прoцеcтерінің бірі инклюзивті білім беру бoлып тaбылaды. Алғаш рет 2002 жылы Қaзaқcтaн Реcпубликacының «Мүмкіндігі шектеулі бaлaлaрды әлеуметтік және медицинaлық-педaгoгикaлық түзетулік қoлдaу турaлы» Зaңы күшіне енді. Зaң әлеуметтік және медицинaлықпедaгoгикaлық түзетулік қoлдaудың түрлері мен әдіcтерін aнықтaйды, мүмкіндігі шектеулі және ерекше білім беруді қажет ететін бaлaлaрғa тиімді көмек жүйеcін құруғa, oлaрдың тәрбиеcіне, oқуынa, еңбектік және кәcіптік дaйындығынa, бaлa мүгедектігінің aлдын-aлуғa бaйлaныcты мәcелелерді шешуге бaғыттaлғaн.

    Адам баласында өмірге келген сәттен бастап, белгілі ортаға бейімделу процесі жүреді. Психологияда бұл процесті адаптация деп атайды. Адаптация-жеке адамның немесе әлеуметтік топтың ортамен әрекеттестігі, оған осы ортаның нормалары мен құндылықтарын игеру, сонысымен қатар ортаның мақсатына сәйкес өзгеруі, қайта құрылуы жатады. «Бейімделу» (адаптация) ұғымы психологияда адамның қоршаған орта жағдайына бейімделуін білдіреді. Бейімделудің негізгі түрлері –сенсорлық бейімделу мен әлеуметтік бейімделу. Сенсорлық бейімделу–түйсіктердің бейімделуі. Әлеуметтік бейімделу –бейімделудің еңжоғары дәрежесі, бір жағынан, үнемі жүретін индивидтің әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, екінші жағынан, бұл процестің нәтижесі. Осы екі компоненттің өзара қатынасы индивидтің қажеттіліктеріне, оларды қанағаттандыру мүмкіндігіне тәуелді. Бейімделу үздіксіз жүретін процесс болса да, оны әдетте, адамның өмірінде негізгі әрекеттердің және әлеуметтік ортаның ауысуымен байланыстырады. Әлеуметтік бейімделу – тек дені сау адамдардың ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да әлеуметтік ортаға қосылуы, қоғамда өмір сүруге бейімделуі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларда бейімделу үдерісі үнемі сәтті, қиындықсыз бола бермейді. Кейде, адекватты емес мінез-құлық реакциялары, қиын психологиялық ситуациялар туындайды. Бір сөзбен айтқанда, дезадаптация пайда болады. Балалардағы дезадаптация күйі оңай пайда болғанмен, адаптация үдерістері ұзақ уақытқа созылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың бейімделу немесе адаптация қиындықтарын жеңілдету, психикалық дамуын қалыпты балалардың психикалық дамуы деңгейіне жақындату коррекция және компенсация жолдарымен жүзеге асады. Дәлірек айтқанда, коррекция (түзету) ұғымы – психикалық және дене бітімдік дамудағы кемшіліктерді, психологиялық-педагогикалық және емдеу-сауықтыру шараларының жүйесі көмігімен түзету. Бұл жүйе баланың психикасының, дене бітімінің ауытқуларын жеңілдетуге және жоюға бағытталады. Дамудағы ауытқуды түзету немесе коррекция жасаудың тұтас тұжырымдамасын алғаш рет итальян педагогы М.Монтессори (1870-1952) жасады. Ол сезімдік тәжірибе мен моториканың дамуы автоматты түрде ойлауды дамытады, себебі олар ойлаудың алғышарттары деп есептейді.

І. Мүгедектігі және Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау

      Тәрбиелеу мен білім берудің адамгершілік бағытының қалыптасуымен қатар, балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау идеясы дами бастады. Ол балалар мен жасөспірімдерге білікті психологиялық көмек көрсету проблемасының аясында пайда болды. «Қолдау» түсінігінің мазмұнын талдап көрейік. Орыс тілінің түсіндірме сөздігіне сәйкес бұл термин қандай да бір құбылыспен бірге жүретін әрекетті білдіреді . Зерттеуші Ю. Слюсарев «қолдау» түсінігін адамның өзіндік ресурстарын белсендіретін және өзін өзі дамыту механизмдерін іске қосатын тұлғаның өзіндік санасының дамуы мен өзін өзі дамытуына бағытталған психологиялық көмек көрсету ретінде қолданған [1]

     Қазіргі қоғамда заманауи әлеуметтік- экономикалық ахуалда өсіп келе жатырған жас ұрпақтың нақты да сенімді әлеуметтік бағыттарды жоғалтып ала бастағаны байқалады. Әлеуметтендірудің қалыптасқан дәстүрлі формаларының қазіргі заманға лайықталмаған жарамсыздығы, олардың бір жолды таңдауын, яғни жастардың өз болашағы үшін өздерінің жауапкершілігі жоғары болуын талап етеді. Бұл жағдайда жастар мен жасөспірімдердің заманауи қоғамдық қатынастарға бейімделмегендігі мен дайын еместігі көптеген маңызды мәселелердің туындауына себеп болады. Бұл мәселелерге тән ортақ белгі бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту қазіргі заманның талаптары мен тілектері ескеріле отырып жүргізілуі керек. Қазіргі күрделі әлеуметтік даму жағдайында, құндылықтар мен әлеуметтік нормалардың өзгере бастаған заманында, отбасында берілетін тәрбиенің ықпалы азайған заманда балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдаудың маңызы өсетіні белгілі. Педагог пен баланың қарым-қатынасындағы ұстанымдар да өзгереді: «оқушы мен оқытушы» орнына, «адам мен адам» парадигмасы қалыптаса бастайды. Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл - баламен кеңесе отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, өмір сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне көмектесу болып

табылады. Инклюзивті оқыту практикасында психологиялық-педагогикалық қолдау бұл әрбір баланың мүмкіндігі мен қажетіне қарай әлеуметтік- психологиялық және педагогикалық жағдай жасауға бағытталған мамандар тобының қызметтерін қамтиды.

     Ерекше тұлғаларды қоғамға қосудың екі жолы бар екенін атап өтуге болады:

1) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қоғамға қосуды және қоғамның мүгедек балаларды өздеріне қабылдауға деген дайындығын қарастырады. Бұл жағдай елімізде енді қолға алынып жатыр.

2) Мүгедектігі және Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды қоршаған ортаға бейімделуін қарастырады. Бұл кезде мүмкіндігі шектеулі тұлға қоғамға қосылудың объектісіне айналады, яғни олардың әлеуметке үйлесімді түрде ену мүмкіндіктерін шектейді.Әлеуметтік ортаға енгізу -әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына ерекше балалардың әлеуметтік бейімделуін қалыптастыру. Бейімделу – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі. Бұл балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы - ортаны ерекше баланы қабылдауға дайындау.

      Әлеуметтендіру бұл процесс белгіленген әлеуметтік жағдайларды жеке тұлғаны қалыптастыру, әлеуметтік тәжірибелерді меңгеру процесі, бұл кезде адам сол ортада, топта қабылдаған мінез-құлық ережесіне қалыптасып кетеді.

      Ерекше балалардың тәрбиесі бір – біріне қарама – қарсы екі ұғымнан тұрады. Олардың бір түрі – «шеттетілгендер», яғни ата – анасы баланы жан – жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Ал, оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде, баланы жазалайды. Мұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі. Ата – аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына қақымыз жоқ деп ойлайды. Олардың көңіл – күйі түсіп, сенімсіздік пайда болады. Психологиялық шеттету баланың интелектуалдылығына кері әсерін тигізеді, білім деңгейін тежейді. Екінші бір жағдай – баланы шектен тыс қамқорлыққа алу. Ата – аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп, оны тым бос ұстап еркелетеді, кез – келген өтінішін орындауға тырысады. Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы келеді Өз - өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.

       Мүгедектегі бар және Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың отбасындағы қарым-қатынасын және өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасын анықтау, олармен бірдей деңгейде араласуына мүмкіндік туғызу, білім деңгейіне сай оқыту және қоғамның болашақ өз-өзіне сенімді азамат етіп тәрбиелеу үшін педагог-мамандар ата-аналармен, әлеуметтік сала қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы керек. Тек осы жағдайда ғана, ерекше балалардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы ретінде қабылдануына жағдай туатын еді.

       Жас ұрпаққа үздіксіз білім мен тәрбие беруді жетілдіруқоғам алдындағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені қоғам дамыған сайын, әлеуметтік сұраныста күрделенеді. Юнеско білім беру мазмұны бойынша білім мен тәрбиені әлеуметтендірудің келесі түрлерін белгілеуге болады:

- тұлғаны өз бетінше білім алуға үйрету;

 -тұлғаны өз бетінше өмір сүре білуге үйрету;

 -тұлғаны өзгелермен бірлесе өмір сүруге, еңбек етуге үйрету; -тұлғаны өзін-өзі дамытуға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Мүгедектегі және Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, бейімдеу, кіріктіру барысында өткізуге болатын іс-шаралар: саяхаттар фестивальдар үйірмелер концерттер әр түрлі кездесу кештер байқаулар спорттық жарыстар сайыстар

Олар әлеуметтік кіріктірудің тиімді түрлері болып саналады. Қызықты және тартымды шаралар коммуникативтік сапаларды қалыптастырып, өзін-өзі білдіру, өзін-өзі ашу, өзін-өзі тану үрдістерін жеделдетуге мүмкіндік береді және әлеуметтік бейімделу үшін қолайлы жағдай жасалады.

1.Әлеуметтік ортаға кіріктіру барысында білім алуға мүмкіндіктері әртүрлі балалардың жалпы және арнайы педагогикалық жүйесінің адамгершілік баламасы болып табылады; 

2.Бейімдеуге байланысқан балалар өз әлеуметтік тәжірибесін байыта отырып, бала ұжымында қалыпты қарым-қатынасты орнатуға үйренеді; 

3.  Мүгедектігі және Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар әлеуметтік, адамгершілік жағынан жан-жақты дамуға мүмкіндік алады.

ІІ. Негізгі бөлім

Мүгедектігі және Ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың сапалы білім алу құқығын

қамтамасыз ету үшін оның арнайы білім алуға ерекше қажеттіліктерін,

медициналық және әлеуметтік қызметке мұқтаждығын нақты және жанжақты зерттеу керек. Бұл оның оқу процесіне қосылуына барынша тиімді

жағдай жасауға мүмкіндік береді. Дамуында ауытқулары бар баланы қалыпты дамыған құрдастарының оң қабылдауына қоршаған ортасындағы ересектердің әсері бар. Мұғалімдер осындай оқушыларды барлық жағдайларда қолдауға және көмек беруге дайын болуы тиіс. Салауатты оқушыларға құрдастарының дұрыс сөйлей алмауын, дұрыс қимылдай алмауын, өздерін басқаша ұстау себептерін түсіндіруі қажет және т.б. Айырмашылықтар орын алады және басқалар оған құрметпен қарауы керек. Мұндай жұмыстар ата-аналар жиналыстарында да жүргізілуі тиіс. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ықпалды (толерантты) көзқарас қалыптастыру мақсатында көзделуі тиіс: 

 - білім беру ұйымдарының жұмыс жоспарына мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы мектеп қызметкерлеріне, ата-аналарға, балаларға қажетті ақпаратты беретін ісшараларды қосу, оның ішінде өмірде табысты, құрметтеу және жоғары қоғамдық мәртебеге ие адамдармен кездесулер ұйымдастыру;

 - мүмкіндігі ерекше қажеттіліктерді керек ететін оқушыларға олар пайдаланатын көмекші құралдар (мысалы, есту аппараттары) туралы айту және оларды қалай пайдалануға болатынын көрсету; 

- ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға қалыпты дамушы құрдастарымен бірдей тең табысты болуға мүмкіндік беретін ойынның және пәндік іс-әрекеттердің ұжымдық түрлерін ұйымдастыру; 

- ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға нормативтік дамушы құрдастарының тарапынан оқу процесінде, сондай-ақ үзіліс кезінде бір сыныптан екінші сыныпқа көшу барысында көмек көрсетуі; 

- ерекше қажеттіліктері бар барлық оқушылардың сыныпта және мектепте мәртебесін арттыруға ықпал ету үшін олардың мектепте және мектептен тыс үйірмелерде, спорт секцияларына қатысуын қолдай отырып, дарындылығын ашуға жағдай жасау.

        Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында  мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі  қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның  балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.


Қорытынды

       Әлеуметтенудің басты мақсаттарының бірі - бейімделу, баланы әлеуметтік Қазіргі заманғы білім беру шеңберінде балалар мен ата-аналардың әлеуметтік дағдылары мен әлеуметтік қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруда, өзін-өзі шығармашылықпен жүзеге асыруда және әлеуметтік-мәдени өмірде жеке тұлғаны қалыптастыруда көрсетілетін тиімділік.Баланың әлеуметтенуі, отбасы мен мұғалімдердің күш-жігері нәтижесінде, баланың әлеуметтік дамуына әсер ететін барлық факторларды ескере отырып, кешенді тәсілмен ғана мүмкін болады.Жоғарыда айтылғанның барлығын қорыта келе, отбасы баланың тәрбиесі мен оның әлеуметтенуінде тұлғаның көзқарасының қалыптасуында, эмоциональдық және еріктік сапаларының дамуында шешуші роль атқаратынына көз жеткіздік. Осылайша балалардың әлеуметтенуі мен қоғамның жаңа мүшелерінің дайындығы қамтамасыз етіледі. Отбасы әлеуметтік –адамгершілік тәжірибені ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп келеді, отбасында балаға ата-ананың махаббатын, ата-анаға деген сенім, оларға ұқсауға ұмтылу, отбасының жалпы псхологиялық ахуалы сияқты әлеуметтік ақпаратты берудің тамаша жүйесі қалыптасуы тиіс. Арнаулы білім беру ұйымдары ата-анамен жұмысқа ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Сондықтан да ерекше балаларға ерекше қамқорлық көрсету барысында Сіздерге үлкен жүректі, сабырлылықты, төзімділікті, мейірімділікті жандарыңызға серік етіп, жақсы нәтижеге жетулеріңізге тілектеспін!

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар ерекше көңіл бөлуді, арнайы тәрбиелеу мен оқытуды талап ететінін ескерейік!


Пайдаланған әдебиет:

1.Слюсарев Ю. В. Психологическое сопровождение как фактор активизации саморазвития личности : автореф. дис. ... канд. психол. наук. – СПб., 1992.

Мекен жайымыз
+7(72833) 5-10-94
040209, Жетісу облысы, Алакөл ауданы, М.Шоқай көшесі, 1 үй, 2022 проект "Интерактивная школа"

040209, Область Жетысу, Алакольский район, ул М.Шокай д.1
©2016-2021, Ресми сайт «Бескөл станциясындағы №14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru