«Бескөл ст.№14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017-2018 оқу жылы » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833)5-10-94
Есепші бөлімі:
+7(72833) 5-10-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Бескөл ст.№14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017-2018 оқу жылы
02
март
2018

«Бескөл ст.№14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017-2018 оқу жылы

«Бескөл ст.№14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2017-2018 оқу жылы

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің отырысы


Хаттама №2 17.02.2018ж


Қатысқан кеңес мүшесі- 8
Қатыспағаны –1
Шақырылғандар:
Мектеп директоры,
Оқу ісі,тәрбие ісі,шаруашылық
ісі жөніндегі орынбасарлары,
кәсіподақ ұйымы төрайымы
Р.А. Марқаева

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. Мектеп директорының І-жарты жылдық есебі
2. «Қамқоршылық кеңесінің» атқарылып жатқан жұмыстары туралы
3.Әр –түрлі мәселелер

Отырысты қамқоршылық кеңесінің төрағасы Есбаев Қабдығалым Зейнолдаұлы ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті.
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры С.А.Ермуханов 2017-2018 оқу жылы бойынша І жарты жылдықта атқарған жұмыстарының есебін берді.
Есепті баяндамасында С.А.Ермуханов метептегі білім дәрежесі,тәрбиелік маңызды іс шаралар туралы,мектептің қазіргі келбетімен алдағы мақсаттары туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.
Мектеп директоры есебін талқылау барысында :
Қоғамдық кеңес төрағасы Қ.З.Есбаев, ата-аналар комитеті төрайымы-кеңес мүшесі Р.С.Ахметова,кәсіподақ ұйымы төрайымы Р.А.Марқаева атқарылып жатқан істерге қанағаттандырарлық деген баға беруге ұсыныс білдірді. Сонымен бірге білім деңгейін көтеру барысында,абаттандыру іс-шараларына сын ескертпелер айтты.Келелі кеңестерін бере отырып, мектеп ұжымының 2017-2018 оқу жылын табысты аяқтайтындарына толық мүмкіндіктері барлығына сенімдерін білдірді.
Екінші мәселе бойынша:
Кеңес төрағасы Қ.З.Есбаев сөз алды қамқоршылық кеңесі жұмысы жоспар бойынша жасалып жатқаның айтып, облыста, ауданда өтілген қамқоршылық кеңесінің отырысына, қатысып, жалпы кеңестің атқаратын жұмысымен толық танысып, жұмысты жүргізуді үйренгенін, түрлі кеңестер берілгендігін. Ол кісі де өз ойы мен ұсынысын білдіргенін айтты. Кеңес мүшелері бірлесе жұмыс жүргізуде оқушыларды мектепке дайындауда демеушілік көрсетуде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізілгендігін, соның нәтижесінде көмек көрсеткен демеушілік еткен азаматтарды атап өтті. Қаңтар айындағы «қамқорлық ақция» барысында ұйымдастырылған қамқоршылық кеңесі көп балаға қолдау жасалды.
Кеңес төрағасы ретінде атаулы түрлі іс –шараларға қатысып, өз тілегін білдіргенін жеткізді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында барлық ата-аналар мерекеге қатысып, ат салысты. Қамқоршылық кеңестің мүшелері біріге отырып сәтсіз отбасынан шыққан 4 балаға жаңа жылдық сыйлық тарту етті. Жалпы кеңестің жұмысын енді таныс болып біліп жатырмын, кеңес мүшелерімен бірлесе бірнеше жұмыстарды әлі де талай атқарамыз. Бізді алдағы уақытта көп жұмыстар күтіп тұрғанын айтып, бірлесе жасаған жұмыс нәтижелі болу керектігін жеткізді. Ай сайын келіп мектептің ақуалымен танысып, әкімшілік тарапымен сөйлесіп отырғанын жеткізді.
Кеңес мүшесі Р.Ахметова сөз алып, барлығымыз осы мектептегі әрбір келелі мәселесіне ден қойып, атқаратын жұмыстарды бірігіп шешуді жөн деп санайтынын жеткізді. Кеңес мүшелерінің алдағы уақытта талай жұмыстарды атқаруға , бірігіп іс жасауға тура келетіндігіне баса назар аударды.

Отырыстың шешімі:
1.Мектеп әкімшілігінің жарты жылдық есебі қанағаттандырарлық деп танылсын.
2. Оқушылардың білім деңгейін көтеру мақсатында:тәрбие, оқу жұмысын,қоғамдық ұйымдар мен ата –аналар комитетінің белсенділігін арттыру, сынып жетекшілеріне деген талап күшейтілуі тапсырылсын.
3.Қамқоршылық кеңесінің І жарты жылдықта атқарған жұмысы назарға алынсын.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Қ.З.Есбаев
Хатшысы: Р.С.Ахметова





Мекен жайымыз
+7(72833) 5-10-94
040209, Жетісу облысы, Алакөл ауданы, М.Шоқай көшесі, 1 үй, 2022 проект "Интерактивная школа"

040209, Область Жетысу, Алакольский район, ул М.Шокай д.1
©2016-2021, Ресми сайт «Бескөл станциясындағы №14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru