Қамқоршылық кеңес » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833)5-10-94
Есепші бөлімі:
+7(72833) 5-10-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
январь
2018

Қамқоршылық кеңес


«Бескөл станциясындағы №14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Қамқоршылық» кеңес мүшелерінің отырысы

Хаттама №2 23.12.2017ж
Қатысқандар- 13
Қатыспағаны –2
Күн тәртібінде:


Күн тәртібінде қаралатын мәселе:
1. Қамқоршылық кеңесінің І жарты жылдықта атқарған жұмысы туралы
Тыңдалды: Отырысты қамқоршылық кеңесінің төрағасы Есбаев Қабдығалым Зейнолдаұлы ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті.
Бірінші мәселе бойынша кеңес төрағасы Қ.Есбаев қамқоршылық кеңесінің 2017-2018 оқу жылы бойынша І жарты жылдықта атқарған жұмыстарының есебін берді. Қамқоршылық кеңесі құрылып, жұмыс жоспары бекітілген. Қамқоршылық кеңесінің құрамы тоғыз адамнан құрылып жұмыс жүргізілгендігін айтты. Ауданда өтілген қамқоршылық кеңесінің отырысына қатысып, жалпы кеңестің атқаратын жұмысымен толық танысып, жұмысты жүргізуді үйрендім, түрлі кеңестер берілді. Ол кісі де өз ойы мен ұсынысын білдіргенін айтты. Кеңес мүшелері бірлесе жұмыс жүргізуде оқушыларды мектепке дайындауда демеушілік көрсетуде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізілгендігін, соның нәтижесінде көмек көрсеткен демеушілік еткен азаматтарды атап өтті. Азқамтылған отбасы баласы Новикова Ирина мен Герасименко Термірланға ата-аналарды ұйымдастыра отырып, ата-ана Савченко Аня, Закиров Ержан киіммен көмек көрсетті. «Мектепке жол» акциясы барысында ұйымдастырылған қамқоршылық кеңесі көп балаға қолдау жасалды.
Мектептің жалпы қысқы маусымға дайындығын көрдіп, жылу жүйесінің кейбір жерлерін қайта жөндеу жұмысына ауыл азаматтары қолдау көрсеткенің аз да болса көмек бергенің айтты. Мектеп жылы, қысқы маусымға дайын, жанармаймен қамтамасыз етілген. Кеңес төрағасы ретінде атаулы болған іс –шараларға қатысып, өз тілегін білдіргенін жеткізді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында барлық ата-аналар мерекеге қатысып, ат салысты. Қамқоршылық кеңестің мүшелері біріге отырып сәтсіз отбасынан шыққан 4 балаға жаңа жылдық сыйлық тарту етті. Жылдық жоспар негізінде жоспарланған іс –шаралар жоспар бойынша атқарылды. Жалпы кеңестің жұмысын енді таныс болып біліп жатырмын, кеңес мүшелерімен бірлесе бірнеше жұмыстарды әлі де талай атқарамыз. Бізді алдағы уақытта көп жұмыстар күтіп тұрғанын айтып, бірлесе жасаған жұмыс нәтижелі болу керектігін жеткізді. Ай сайын келіп мектептің ақуалымен танысып, әкімшілік тарапымен сөйлесіп отырғанын жеткізді.
Кеңес мүшесі Е.Закиров сөз алды: І жарты жылдықта біраз жұмыстар атқарылды, кеңес төрағасы ұйымның жұмысымен танысқалы , ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр, кеңес мүшелері бірлесіп жұмыс жүргізудеміз.
Кеңес мүшесі Р.Ахметова сөз алып, барлығымыз осы мектептегі әрбір келелі мәселесіне ден қойып, атқаратын жұмыстарды бірігіп шешуді жөн деп санады. Кеңес мүшелерінің алдағы уақытта талай жұмыстарды атқаруға , бірігіп іс жасауға тура келетіндігін жеткізді.
Отырыстың шешімі:
Қамқоршылық кеңесінің І жарты жылдықта атқарған жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Қ.З.Есбаев
Хатшысы: Р.Ахметова









«Бескөл станциясындағы №14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2017-2018 оқу жылы

Қамқоршылық кеңесінің І жартыжылдық атқарған жұмыстары туралы есебі

2017-2018 оқу жылы басында Қамқоршылық кеңес мүшелері сайланып, қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша 2016-2017 оқу жылындағы қамқоршылық кеңестің атқарған жұмыстарының қорытынды есебі талданып, 2017-2018 оқу жылына арналған жоспар бекітілді.
Қамқоршылар кеңесі мүшелері оқушылардың мектебіміздің жарғысына сай ішкі тәртіп ережелерінің, мектеп формасының сақталуы туралы мәліметтерді ата-аналар жиналысында назарларына жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқу жылында өткізілген мәдени – қоғамдық іс-шаралармен бірге «Мектепке жол», «Қамқорлық» акцияларын ұйымдастыруда белсенділік танытты. Әлеуметтік көмекті қажет ететін аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға мектеп формасынан, кеңсе тауарларынан, жолда материалдық көмектер 33 балаға ұйымдастырды.
Қамқоршылар күніне орай 29 қазан «Балаға мейірім сыйла» атты қамқорлыққа алынған балалардың ата-аналарына арналған кездесу өткізілді.
Мектебімізде ондай 4 оқушы бар. Қамқоршыларымен келіп шағын концерт көріп сыйлық берілді. Кездесу барысында Қамқоршылық кеңесінің төрағасы балаларды қамқорлыққа алған ата-аналарға осындай ізгі жұмысты қолға алғандары үшін алғыс хаттар табысталып, алдағы уақытта бала өміріндегі қиын да қызықты жолда бірігіп жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
Қамқоршылық кеңестің ұйымдастыруымен Жаңа жылдық ертеңгіліктер, жоғарғы деңгейде өткізілді. Қамқошылық кеңесінің қолдауымен мектептің ішкі жұмыстарына қолдау көрсетілді
Қамқоршылық кеңестің жұмысы алдағы уақытта жоспар бойынша жалғасын табады.


Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Қ.З.Есбаев
Мекен жайымыз
+7(72833) 5-10-94
040209, Жетісу облысы, Алакөл ауданы, М.Шоқай көшесі, 1 үй, 2022 проект "Интерактивная школа"

040209, Область Жетысу, Алакольский район, ул М.Шокай д.1
©2016-2021, Ресми сайт «Бескөл станциясындағы №14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru