2021-2022 оқу жылында жарты жылдық жұмыстарының есебі » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833)5-10-94
Есепші бөлімі:
+7(72833) 5-10-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылында жарты жылдық жұмыстарының есебі
28
апрель
2022

2021-2022 оқу жылында жарты жылдық жұмыстарының есебі

2021-2022   оқу жылының басында білім беру жүйесінде психологиялық жұмыстарды жүргізу барысында іс-әрекеттің 5 бағыты бойынша оқу бағдарламасы, № 61 бұйрық бойынша жылдық жоспар құрылды. Жоспар бойынша, психологиялық анықтау жұмысын жүргізу мақсатында мектептегі әр сыныптың   оқушыларының тізімдері, үйден оқитын оқушылардың, шағын орталық,  педагогикалық ұжымның тізімдері алынып, дарынды оқушылар, үлгерімі төмен оқушылар   анықталды.

    Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты- даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысыушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар,оқушылар)

Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрібір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.

Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.

Мектепте психологиялық қызметті екі психолог жүзеге асырады. Олар: Г.А.Есенгельдинова білімі жоғары, бірінші санатты (жалпы еңбек өтілі –20  жыл) және жас маман А.Н.Мурасилова атқарады.

2021-2022 оқу жылының басында мектеп психологының жылдық жұмыс жоспары құрылып, бекітілген .

Жоспарға психологиялық жұмыс бағыттары енгізілген.

Диагностикалық бағыт


Мақсаты: тұлғаның және тұлғааралық қатынастардың жас ерекшелік және жекелей қасиеттерін зерттеу.


Психологиялық алдын алу бағыты


Мақсаты: тұлға дамуындағы болуы мүмкін психикалық және тұлғалық  жайсыздықтардың алдын алу .


III. Кеңестік бағыт


Мақсаты:педагогикалық үрдіске қатысушыларға пайда болған мәселелерді шешу бойынша көмек көрсету.


VI. Түзету және дамыту бағыты


Мақсаты: оқушының тұлғалық және психикалық дамуындағы ауытқушылықтарды болдырмау, жалпы мектептік икемділіктері мен дағдыларын дамыту.


V. Ағарту және сақтандыру


Мақсаты: педагогикалық үрдіске барлық қатысушылардың      

 психологиялық мәдениетін көтеру.


2021-2022 оқу жылындағы 

мектепалды даярлық тобымен жүргізілген жұмыстарының есебі.

         Биылғы оқу жылында  қазақ тобында (сынып жетекшісі- О.К.Нарымбаева) 25 оқушы, ал орыс тобында (сынып жетекшісі – Е.А.Герасименко) 23 оқушы оқиды.

 Балалардың мектепке дайындығын анықтау мақсатында екі топтанда төмендегідей жұмыстар жүргізілді.

Қыркүйек айында  тестілік әңгімелесу С.Б.Банков әдістемесі жүргізілді.  Қазан айында«Пішіндерді әр түспен боя» 

Мақсаты: Оқушылардың зейінін дамытуға арналған әдістеме есті дамытуға арналған әдістеме «10 сөз». Қараша айында   өзін-өзі бағалауға арналған әдістеме «Баспалдақ» жүргізілді . Желтоқсан , Ақпан айларында қарым-қатынас қабілеттерін дамытуға бірнеше ойын, тренинг, жаттығулар өткізілді. Атап айтқанда «Айна», «Жануарлар», «Менің көңіл күйім» т.б.Барлық  алынған әдістемелердің нәтижесі шығарылып өңделген.

Бірінші  сыныптарымен I-ші жарты жылдықта жүргізілген                       жұмыстарының  есебі


Мектепішілік бақылау кестесімен 10.12.2021 жылғы №368-Ө бұйрығының негізінде мектепішілік комиссия тарапынан мектептегі желтоқсан айының 20.12.-22.12 күндер аралығында 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу жөніндегі  жұмыстары тексерілді. Бейімделу кезеңіне арнайы жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілген. Жұмыстар жоспар бойынша жүргізілді.

           Биылғы  2021-2022 оқу   жылында  1 «А» (оқытылу тілі – қазақша) сыныбына 21 оқушы  қабылданды, сынып жетекшісі - К.О.Қасымжанова тәжрибелі ұстаз. 

 1 «В» сынып (оқытылу тілі қазақша)  15 оқушы қабылданды.Сынып жетекшісі Н.Контажбекова. тәжрибелі ұстаз.  1 – сынып  бейімделуі  бойынша   жоспар  құрылып,  мектеп   директорымен бекітілген. Қыркүйек   пен  қазан  айы   аралығында  1-сынып  оқушыларының   мектепке  бейімделуін  бақылау   мақсатында  аталған  сыныптардың   сабақтарына  қатысып, олардың  әріптерді   танып,  сандарды  қосып, есептеу  талпыныстарын   талдап, қабылдау  зейіндеріне  бақылау   жүргізіліп,  ата-аналар  жиналысында   1 –сынып  оқушыларының  психологиялық   ерекшеліктері  жайлы  түсіндіріп,   психологиялық  көмек  көрсетілді.   Оқушыларға алғашқы  күндер (кейбір  балалар  үшін   алғашқы  айлар) қиын  болды   деп  айтуға  болады.

Бұл  уақытта жаңа  жағдайға   бейімделудің  қиын үдерісі  жүріп   жатады.

Бейімделу  кезеңінде  баланың   ұйқысы  бұзылады,  тәбеті   тартпайды,  ашушаңдық,  мазасыздық,   тұйық  мінезділік,  жылау,   балаға  тән  емес   көп  сөйлегіштік  немесе   сөзге  сараңдық  және   т.б. өзгерістер  болады.  Бұлардың   барлығы  жүйкесінің  шаршауының   сыртқы  көрінісі  болып   табылады, бірақ  бұл  өзгерістер  уақыт   өте  келе  қалпына   келеді,  балалар  мектеп   өміріне  үйренеді,  аз   шаршайды; көңіл-күйлері   көтеріңкі  жүреді,  ата-аналарымен,  құрдастарымен   еркін  араласады,  тапсырмаларды   орындауға  тырысады.

    2021-2022 оқу жылында 1 сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепке дайындығын анықтау мақсатында  Керн – Йирасек тесті алынды. Зерттеу  жұмысына екі сыныптың оқушылары  түгел қатысты. Зерттеу жұмысы барысында оқушылар назарына «Ер адамның суретін салу», «Әріптерді көшіріп салу», «Бір топ нүктелерді көшіріп салу»  ұсынылды. Негізгі мақсат алынған нәтижелерден оқушылардың мектепке психологиялық дайындығын анықтау. Сонымен бірге 1-сынып оқушыларының таным процесстері анықталды. Зейін бөлінушілігі, логикалық ойлауы, қысқа мерзімді есте сақтауы анықталды.  Балалардың 60 % -ы жоғары деңгейде, 30% - ы орта деңгейде, ал 10%- ы төмен көрсеткіш көрсетті. 

1«А», 1«В» сынып 80 пайыз   оқушылары  берілген тапсырманы талапқа сай орындай алмады олар 2 – ұпайлық нәтиже көрсетті. Бұл әдістемеде - барлық талаптардың орындалуы, мүмкін 3 бөлігінің болмауы(мойын, шашы, 1 саусағы, қолы, құлағы) , бірақ бет келбетінің барлық бөліктері болуы қажет.

3- ұпай- басы, денесі, аяғы бар. Қолы, аяқтары таяқшалармен бейнеленген. Мойыны, құлағы, шашы, киімдері, саусақтары жоқ. 

 3ұпайлық нәтиже көрсеткен мына оқушылар:Тілекұлы Әмір, Рахман Тамирис,Даниярұлы Нұрали,Ғалымжан Дамир, Байқоңыр Салауат. 1 «В» Нүсіпбеков Нұрсұлтан, Тұрлығазы Әмір.

Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар Абдолда Айару, Али Самар, Ерік Айшабибі, Сыртан Ақбота. Қалған оқушылардың нәтижесі 2 ұпайлық деңгейінде   орындап шықты. Бұл әдістеменің нәтижесінде  оқушылардың майда нәзік қимыл әрекеттері үйлесімді.Зейінді бағытты ұстауы және үлкендердің түсіндіргені бойынша  өз әрекеттерін ұйымдастыра алатындыгы анықталынды.

Өз деңгейінде орындаған екі  сыныптың оқушыларының  жүргізілген осы әдістеменің нәтижесінде оқушылардың майда нәзік қимыл әрекеттері үйлесімді.Зейінді бағытты ұстауы және үлкендердің түсіндіргені бойынша  өз әрекеттерін ұйымдастыра алатындыгы анықталынады.

    «Нүктелер тобы»  әдістемесі алынып нәтижесі өңделді. Бұл тапсырманы 3 сыныптың оқушылары  толықтай орындады. Нәтижесінде

 1 «А» сынып тапсырманы дұрыс өз деңгейінде орындаған оқушылар; Ерік Айшабибі, Самар Али, Абдолда Айару, Нұрбекұлы Айбек, Самет Нұралы, Имаш Софья, Рахман Тамирис, Еркен Ерасыл. Төмен деңгей көрсеткен оқушылар: Ғалымжан Дамир, Даниярұлы Нұрали . 1 «В» сынып тапсырманы дұрыс өз деңгейінде орындаған оқушылар Сыртан Ақбота, Сағындық Нұрислам, Шалқарқызы Аяла. Төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылар:  Қуаныш Нұрай , Естай Айзере.


«Сөздер көшірмесі» тапсырманың нәтижесінде Әрбір балаға алдын жазылып дайындалған парақтар үлестіріліп беріледі. Баланың көшіріп жазған сөйлемі бір жолға сиғаны тиімдірек. Егер жазғаны бір жолға симай қалса, келесі жолға жазуына болады. 

Орындалған тапсырмаларды орындай келе 1 «А» сыныбынан  талапқа сай берілген тапсырманы жақсы орындап шыққан оқушылар; Ерік Айшабибі, Самар Али, Абдолда Айару, Нұрбекұлы Айбек, Самет Нұралы, Имаш Софья, Рахман Тамирис, Еркен Ерасыл. Төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылар:  Ғалымжан Дамир, Даниярұлы Нұрали, Байқоңыр Салауат.

1 «В» сыныбынан  талапқа сай берілген тапсырманы жақсы орындап шыққан оқушылар; 

 Сыртан Ақбота, Сағындық Нұрислам, Шалқарқызы Аяла,Ерікұлы Данияр, Аділғазы Нұржан. Төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылар:  Нүсіпбеков Нұрсұлтан, Қуаныш Нұрай , Естай Айзере.

    Қазан  айының   қысқа мерзімде есте сақтау қабілетін анықтау мақсатында «10 сөз» әдістемесі жүргізіліп қортындысы шығарылды. Жоғары нәтиже 10-7 сөз . 1 «А»сыныбынан жоғары нәтиже көрсеткен оөушылар: Абдолда Айару, Имаш Софья. 1 «В»сыныбынан жоғары нәтиже көрсеткен оқушы: Сыртан Ақбота. Төмен нәтиже көрсеткен оқушылар: 1 «А»сыныбынан Тілеубек Әмір, Ұлжалғас Әлім. 1 «В» сыныбынан Естай Айзере, Қуаныш Нұрай.

   Қараша айында  оқушылардан «Сен кімсің?» тесті алынып нәтижесі өңделді. Тесттің қортындысында    1 «А» сыныбында үшбұрыш таңдаған-9 оқушы,шеңбер таңдаған- 6 оқушы, шаршы таңдаған-6 оқушы, ирек сызық таңдаған -0 оқушы, тіктөртбұрыш таңдаған-1 оқушы. 1 «В» сыныбында  шаршы таңдаған -5оқушы,  үшбұрыш таңдаған -6 оқушы,  Шеңбер таңдаған -4 оқушы. Алынған психогиометриялық типология «Сен кімсің?» тесттінің нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі үшбұрыш пішінін таңдаған –бұл пішінді таңдаған оқушылар мақсатына жетуді көздейтін мықты көшбашылар.

 Қараша айының аяғында оқушылардан «Не жетпейді» әдістемесі алынып нәтижесі шығарылды. Нәтижесінде   1 «А» сынып оқушылары тапсырманы 90 % дұрыс өз деңгейінде орындаған. 

10% оқушы 2-3 суретте қателескен оқушылар болды. Жауап бергенде толықтай жауап бере алмады, атап айтқанда  1 «А» сынып оқушысы Байқоңыр Салауат 0,5 ұпай , 1 «В » сыныбынан Қуаныш Нұрай, Естай Айзере 0,5ұпайдан жинады бұл көрсеткіш орта деңгейді білдіреді. Қалған оқушылардың қабылдау деңгейі жақсы екендігі байқалды.

Сонымен қатар «Баспалдақ» әдістемесі оқушылардың өзіндік бағалауын анықтау мақсатында алынды, қортындысында оқушыларға өзін-өзі бағалау- өз қабілетін, мүмкіндіктерін, мінез құлқы, ішкі жан дүниелері, басқа адамдар арасында өз орны бойынша өзіне баға беруі.Өзін-өзі бағалау оқушыны сенімділікке, ойлануға , шығармашылыққа тәрбинлеуге баулиды. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез құлқы реттеледі, өзіне сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Әдістеменің нәтижесінде үш сыныптың оқушыларының да өзін-өзі бағалаулары жоғары болады. Бастауыш сынып оқушыларының басым бөлігіне өзін-өзі жоғары бағалау тән қасиет. 

Желтоқсан айында «Қисынсыздықтар» әдістемесі жүргізіліп нәтижесінде Қисынсыздықтар әдістемесі оқушылардың байқағыштығын логикалық  ойлауын және ойын грамматикалық дұрыс құра білуін тексеру мақсатында жүргізілді.

Оқушы бірінші барлық қисынсыздықтарды атап шығады және суреттен көрсетеді, содан кейін дұрысы қалай болу керек екенін айтады. Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі. Алынған әдістеменің нәтижесінде 1 «А» сынып оқушысы : Даниярұлы Нұрали , 1 «В» сыныбынан Қуаныш Нұрай, Естай Айзере 4-7 ұпай жинады бұл оқушылардың логикалық ойлауы орта деңгейде екендігін көрсетеді.

  Қалған  екі сыныптың оқушылары  8-9 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш оқушылардың логикалық ойлауының жоғары екендігін білдіреді. 

Сонымен қатарсы осы айда оқушылардың  фонематикалық   естуін  бағалау  мақсатында   «Дөңгелекшелермен  жаз» әдістемесі жүргізілді нәтижесінде

 1 «В» сыныптан  орта нәтиже көрсеткен оқушылар: Қуаныш Нұрай, Естай Айзере.  Қалған оқушылардың фанематикалық есту ілеттері жақсы деңгейде екендігі байқалды.

Оқу жылының басында осы сыныптың ата-аналармен  кездесіп   олардың  балаларына,  мектепке,   сабағына  деген  көзқарастарын   анықтау  мақсатымен  «Сіз   қандай  ата-анасыз?»  тақырыбына   сауалнама  алынды.  Зерттеу   нәтижелерін  талдай  келе,   сыныптың да ата-аналарының   баласымен  үйлесімді  қарым-қатынаста  екендігі,   оның  оқитын  мектебіне   көзқарастары  оң,  баласының   көңіл-күйі  мен  оқуына   мән  беретіндіктері  көрініп   тұр.

           Қорытындылай  келе  1-сынып   оқушыларының  мектепке,  сыныптағы   оқушыларға,  сынып  жетекшісіне,   жалпы  мектептің ішкі ахуалына   бейімделгендіктері  көрініп   тұр.Сынып оқушыларының арасында әлі де бейімделе алмай, сабақ бағдарламасына  оқу, жазу жағынан үлгермей отырған оқушылар да бар. 

Атап айтқанда:1 «А» сыыбынан Ғалымжан Дамир, Ұлжалғас Әлім. 1 «В» сыныбынан Қуаныш Нұрай, Естай Айзере.  Оқуға ынтасы орташа әріптерді таниды, буындап оқи алмайды жазуға жалқау, алаңдаушылық қасиетті  басым, зейіні тұрақсыз.  Осы   себептен оқу үлгерімі төмендейді. Сол себептен мектеп дефектологына барып қосымша сабаққа  ұсыныс берер едім.


Бесінші  сыныппен   2021 – 2022 оқу жылында   жүргізілген  жұмыстарының  есебі

Мектепшілік бақылау кестесімен 19.12.2018 жылғы № 331-Ө бұйрығының негізінде 19- 27.12.2019 ж  аралығында мектепшілік комиссия тарапынан мектептегі   5-ші сынып оқушыларының кіші буыннан орта буынға бейімделуін бақылау жұмыстары бақыланып тексерілді.

Мақсаты: баланың психикалық саулығы, яғни жан дүниелік физиологиялық дамуына және – ортада өзіне қолайлы микроклимат қалыптастыру.

Биылғы 2021-2022 оқу жылында 5 «А»(оқытылу тілі –қазақша) сыныбында 17 оқушы,сынып жетекшісі М.М.Джуманова математика пәнінің мұғалімі – жас маман. 5 «В»  (оқытылу тілі- қазақша) сыныбында 15 оқушы, сынып жетекшісі Г. Асламбек ағылшын пәнінің мұғалімі- жас маман.

5-сынып   оқушыларының  мектепке  бейімделуін   бақылау  мақсатында  аталған   сыныптардың  сабақтарына  қатысып,   олардың  қабылдау  зейіндеріне   бақылау  жүргізілді.  Қыркүйек   айында  оқушылардың  оқу   мотивациясын  анықтау  мақсатында   Н.Лусканова сауалнамасы жүргізіліп   қорытындысы шығарылды. Қорытындысында 5 «А» , «В» сыныбының оқушыларының 25% оқу мотивациясы жоғары деңгейде екендігі 65 пайызы ортаңғы деңгейде  10%  төмен деңгейде екендігі анықталды. Қорыта айтқанда оқушылардың мектепке көз қарастары жақсы, пәндерге қызығушылықтары  бар. Пән мұғалімдеріне сыйласымдылықтарының бар екені байқалды. Сыныптағы қарым-қатынастары  қалыпты деңгейде екендігі анықталды. Сонымен қатар осы айда оқушылардың мазасыздық деңгейін анықтауға  «Мазасыздық шкаласы»  жүргізіліп нәтижесі өңделді.  Зерттеу нәтижесіне қарағанда екі сыныптыңда да мазасыздық деңгейі қалыпты жағдайда   екендігі көрініп тұр.   Қазан айында оқушылардың пәнге қзығушылығын анықтау мақсатында «Күлте» әдістемесі жүргізіліп қорытындысы шығрылды 5 «А» сынып оқушыларының ең жақсы қызықты пән ретінде математика, өзін-өзі тану, Денешынықтыру, еңбек, ағылшын. 

Ұнатпайтын пәнге; информатика пәнін көрсеткен.  

5 «В» сынып оқушылары   қызықты ұнататын пәнге- математика, қ. тарих, ағылшын, қазақ әдебиеті, дене тәрбиесі,еңбек пәндерін ұнататындықтары анықталды. Қызықсыз ұнатпайтын пәндерге -  музыка,   дүние жүзілік тарих сабақтарын қызықсыз пән ретінде көрсеткен.  2    –сыныптыптың барлығында  40%-50% оқушылардың  аталған пәндерді ұнатпайтындықтары байқалды.




әдістемесі  және   оқушылардың  мектепке  деген   көзқарасын  анықтау  мақсатында   сауалнамалар  алынды.  Ата-аналар   жиналысында  5-сынып  оқушыларының   психологиялық  ерекшеліктері  жайлы   түсіндіріліп,  көмек  көрсетілді.

Орта  буын   оқуындағы  өзіндік  кездесетін   қиындықтар,  шәкірт  психикасының   өзгеруіне,  эмоцияналдық  сферасын   игерудегі  қиналыстар,  оқу   үлгеріміне,  психикалық  саулығының   төмендеуіне  әсер  етеді. Әр   түрлі  ұзтаздардың  дәріс   жүргізу  әдіс-тәсілдерінің  әртүрлі   болуы, мектеп  ережесінің  талаптарына   үйренуі,  баланың  оқу   үлгерімінің  төмендеуіне  әкеледі.   Осыдан  ата-аналар  балаларының   жас  ерекшелігіндегі  құбылыстарды   ескерместен,  наразылық  тудырып,   бала  болмысында  аффектілі   мінездердің  көрініс  беруі,   қарым-қатынас  барысында  эмоциялық   реакциялар,  невротикалық  күйзелістер   байқалады.

Осыған  байланысты   істелінген  жұмыстарды  атап   өтейік:

«Күлте » әдістемесі

Нұсқау:  Түймедағы  гүлінің   суретін  сал.  Әр   күлтешелеріне  өтетін  сабақтарыңды   жаз».

1. Ең  қызықты  өтетін   сабақты  қызыл  түспен   боя.

2. Сабақ  оқуға  қиын   көк  түспен  боя.

3. Қызықсыз  өтетін  пәнді   сары  түспен  боя.

4. Саған  ұнамайтын  пәнді   қара  түспен  боя.

5 «А» - сыныбының  пәндерге  деген   қызығушылығының  көрсеткіші


Пәндер

Қызықты

Пән

Қиын  пән

Қызықсыз

Пән

Ұнамайтын

Пән

Математика

50%

30%

15%

5%

Қазақ-тілі

79%

11%

5%

5%

Қазақ әдебиеті

90%

-

5%

5%

Қаз тарих

28%

27%

28%

16%

Жаратылыстану 

22%

33%

40%

5%

Орыс-тілі

16%

84%

5%

16%

Ағылшын 

63%

27%

10%

0%

Өзін-өзі тану

66%

16%

10%

5%

Д/ш

78%

5%

5%

10%

Музыка 

45%

5%

45%

5%

Информатика 

50%

28%

17%

5%

Еңбек

63%

-

27%

10%

Дүние тарих

40%

16%

34%

10%


                5 «Б» сыныбының пәндерге деген қызығушылығының көрсеткіші


 Пәндер

  Қызықты

      Пән

    Қиын     пән

    Қызықсыз

        Пән

  Ұнамайтын

        Пән

Қазақ  тілі

 25%

   50%

      25%

    0%

Қазақ  әдебиеті

   41%

    6%

      47%

    6%

Орыс  тілі

   60%

    5%

      35%

     0%

Математика

   47%

    30%

      23%

     0%

Тарих

   30%

     53%

      12%

     5%

Жаратылыстану

   53%

     30%

      12%

     5%

Информатика

   14%

     5%

      58%

     23%

Ағылшын  тілі

   65%

     30%

      0%

     5%

Бейнелеу

   53%

     30%

      12%

     5%

Дене  тәрбиесі

   53%

     30%

      12%

     5%

Еңбек

   70%

     0%

      30% 

     0%

Өзін-өзі  тану

   52%

     18%

      18%

      12%

Музыка

   14%

     5%

      58%

     23%



                5 «В» сыныбының пәндерге деген қызығушылығының көрсеткіші


 Пәндер

  Қызықты

      Пән

    Қиын     пән

    Қызықсыз

        Пән

  Ұнамайтын

        Пән

Қазақ  тілі

 38%

    22%

      27%

    11%

Орыс  тілі

  37%

    42%

      16%

     5%

Орыс  әдебиеті

  61%

    5%

      27%

     0%

Математика

   70%

    15%

      10%

     5%

 Қаз тарих

  22 %

     0%

      55%

     22%

Дүние тарихы

  32 %

     10%

      48%

     10%

Жаратылыстану

  47%

      16%

      32%

     5%

Информатика

   65%

     5%

      20%

     10%

Ағылшын  тілі

   63%

     16%

      5%

     16%

Бейнелеу

   72%

     0%

      14%

     14%

Дене  тәрбиесі

   70%

     0%

       10%

     20%

Еңбек

   60%

     20%

      20% 

     0%

Өзін-өзі  тану

   80%

     0%

      10%

     10%

Музыка

   42%

     10%

      42%

     5%


 Күлте   әдістемесінің  нәтижесі   бойынша:

5 «А» сынып  оқушылары   Музыка, жаратылыстану,Қазақстан тарихы, орыс -тілі ерекше  ұнатпайтындықтарын  көрсетті.

5 «Б» сынып оқушылары музыка, орыс-тілі, қазақ әдебиеті, информатика, еңбек сабақтары қызықсыз,ұнатпайтындықтарын  көрсеткен.

5 «В» сынып оқушылары музыка,   қаз тарих, дүние жүзілік тарих сабақтарын қызықсыз пән ретінде көрсеткен.   3 –сыныптыптың барлығында  20%-30% оқушылардың  аталған пәндерді ұнатпайтындықтары байқалды.

« Оқушылардың мектепке деген көзқарасы» атты сауалнама алынды.

Мақсаты:  мектеппен қарым-қатынасын анықтау.

        Оқушылардың мектепке деген көзқарасын сауалнама арқылы тексере келе 5 «А» сыныбының оқушыларының 75% мектепке деген көзқарасы жағымды екендігі, ал 25 % жағымсыз, 5 «В» сыныбында 70% жағымды, 30% жағымсыз, 5 «Б» сыныбында 50% жағымды, 50 %  көзқарасы төмен екендіктері анықталды.

 « Сыныптағы қарым-қатынасты »

Мақсаты:  Сыныптағы   қарым-қатынасын анықтау

Мақсаты:  Оқушылардың   сыныптағы  өзара  қарым – қатынасын  анықтау.

Сауалнама 18 сұрақтан тұрады. Сауалнаманың  нәтижесі  бойынша   5 «А», 5 «В»  сынып  оқушыларының   сыныппен  қарым-қатынасы  үйлесімді,   пәндерге  деген  қарым-қатынасы  жағымды,   мұғалімдерге  деген  көзқарастары   оң  екендігі  анықталды. Оқушылар  мектеп   өміріне  белсене  араласып,   өзара  достық  қатынастары   берік  екендігі  байқалды.   Ал  5 «Б» сыныбында  оқушылардың   өзара  қарым - қатынасы  орта   деңгейде,  пәнге  деген   қызығушылықтары  көп  оқушыда   төмен  екендігі  байқалды.өзара  қарым-қатынастары  төмен   деп  айтуға  болады,   себебі  бір-біріне  деген   сыйласымдық  байқалмайды.

Оқушылардан « Психология әлеміне саяхат » тренинг жүргізілді.

Мақсаты:  Оқушылардың зейінін тұрақтандырып, қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою, эмоциялық көңіл-күйді белсендіру.        

Бұл тренинг сабақты 5 «А»,5 «Б», 5 «В» сыныптарының оқушыларымен жеке жеке өткізілді. Бірінші жаттығу  «Сәлемдесу» болғандықтан оқушыларды бір екіге санатып екіге бөлдік. Ішкі және сыртқы шеңбер құрып, психологтың нұсқауымен әр түрлі стильде қолмен, иықпен, мұрынмен,  құшақпен ,тіземен бір –бірімен сәлемдесті. 

Келесі «Мейрімді жануар» жаттығуы орындалды . Бұл жаттығуда оқушылар бірігіп үлкен бір жануарды бейнеледі, бұл жаттығу оқушыларды эмоционалды жақындастырып, ұйымшылдығын арттыруға септігін тигізді деп ойлаймыз.

Оқушыларға «Аралас салат », «Қос қолмен сурет салу» жаттығулары ерекше ұнады деп айтуға болады.

   Оқушылардың барлығына көздеріңізді жұмып, табиғаттың ең көркем жерінде тұрғанын   елестетіп, тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық деп айтық. «Қазір біз ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл- күй сыйлаған  Ана табиғатқа «Рахмет» деген сөздермен «Тыныштық мезеті» деген релаксациялық жаттығуымен сабақты аяқтадық. Оқушылар бұл сабаққа бар ынта,ықыласымен қызығушылықпен қатысты.

Оқушылардан  « Социометрия » әдістемесі алынды.


Мақсаты:  Сыныптағы лидерді анықтау, оқушылардың өзара қарым-қатынастарын білу, оларды ұйымшылдыққа, тәрбиелей отырып үнемі жан-жақты тығыз байланыста болуға үйрету.

       Д.Мореноның  «Социометрия әдісі » жүргізілді.  Бұл әдістеме көптеген оқушылардың сынып ұжымындағы орны олардың достары  мен жолдастарының бар екендігі, сыныптың ішкі құрылымы, үлкен топтың құрылымында микротоптардың  барлығы және ол топтардағы тұлғалық қатынастардың қалыптасқандығын анықтайды. Жүргізілген әдістемеге байланысты  нәтижесінде 5   «А» сыныбынан  шеттеп қалған оқушы Адилбек Аруна , Достемір Алдияр, Нұржанов Нұрислам. 5 «В» сыныбынан шеттеп қалған оқушы Муратұлы Айдос , Ахметов Мадияр анықталды. Жүргізілген әдістемеге қарағанда екі сыныптың оқушыларының арасында ұйымшылдық байқалмады , сыныпта ұл қыз болып бөліну бар екендігі байқалды.

Оқушылардан: « Оқушылардың жеке ерекшелігін анықтау »

Мақсаты:  Темперамент типін анықтау.

5 «А» сыныбында 4 оқушы сангвиник, 8 оқушы флегматик, холерик 1 оқушы, холерик –флегматик 1оқушы, 1 оқушы сангвиник-флегматик. болып шықты. ал 5 « В» сыныбында 3 оқушы сангвиник,  8 оқушы флегматик,  2 оқушы екі түрлі типке ие 1 оқушы флегматик меланхолик, 1 оқушы сангвиник флегматик екендіктері анықталды.

Қыркүйек айында 5 сынып ата- аналарынан «Сіздің балаңыздың қызығушылығы» атты сауалнама жүргізіліп нәтижесі өңделді. Нәтижесінде

1 сұрақ бойынша Балаңыз немен айналысқанды ұнатады? 5 а сыныбында   3 оқушы спортпен айналысқанды, 2 оқушы компютерлік ойындарды ойнағанды, 2 оқушы тәтті тағамдар пісіргенді, 1 оқушы кітап оқығанды, 1 оқушы сурет салғанды жақсы көретіні айтқан. 5 в сыныбы бойынша 10 оқушы әр түрлі спорт түрлерімен айналысқанды ұнатады екен, 2 оқушы сурет салғанды, 2 оқушы тағам пісіргенді,  1 оқушы бимен айналысқанды , 1оқушы қол өнерге жақын екендігін көрсеткен. 

2 сұрақ бойынша- Балаңыздың мінез-құлқы сізді алаңдатады ма? деген сұраққа 8 ата-ана жоқ деп жауап берген, 1 ата-ана кейде деп, 1 ата-ана ия деп жауап берген. 5 в сыныбы бойынша 6 ата –ана кейде деп жауап берді 6 ата-ана ия деп, 2 ата-ана жоқ деп жауап берді. 

3 сұрақ бойынша Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады? Деген сұраққа 2 сыныптың ата-аналары 100%  әкесі мен анасы деп жауап берген.

4. Сізді бала тәрбиесінің қандай жақтары қинайды? Деген сұраққа 5а сыныбында 8 ата-ана  ешқандай деген, 2 ата-ана мінезі деп жауап берген.

5в сыныбы 100% ешқандай деп жауап берген.

5сұрақ бойынша. Балаңыз ұжымда өзін қалай ұстайды деп ойлайсыз? Деген сұраққа 9 ата-ана белсенді деп , 3 ата-ана ұялшақ деп жауап берді. 11 ата-ана белсенді деп, 4 ата-ана ұйалшақ деп жауап берген.

6 сұрақ бойынша. Тәрбиелеудін қандай әдісін қолдайсыз? Деген сұраққа  екі сыныптың ата-аналары 100% түсіндіру, көтермелеу деп жауап берді.

7сұрақ бойынша . Балаңыздың кіммен дос болғаны сізді аландатады ма? 5 а сыныбынан 10 ата –ана әрине деп жауап берді, 2 ата-ана жоқ деп жауап берді.  5 в сынып бойынша 14 ата-ана әрине , 2 ата-ана жоқ деп жауап берді.

8 сұрақ бойынша. Балаңыздын бос уақытын қалай өткізіп жатқанын сіз үнемі қадағалайсыз ба? Деген сұраққа  екі сыныптың ата-аналары 100% әрине деп жауап берді.

9 сұрақ бойынша Ұлыңыздың (қызыңыздың) кім болғанын қалайсыз? 5а сыныбы бойынша 4 ата-ана балаларының дәрігер болғанын, 3 ата-ана заңгер болғанын, 5 ата-ана өзіне ұнайтын табысты маман иесі болса деп жауап берді.

5в сыныбы бойынша 1 ата-ана баласының ұшқыш болғанын, 1 ата-ана баласының Борт серік болғанын қалайды екен қалған ата – аналар балаларының болашақта өздері таңдаған халқына пайдасы тиетін азамат болғанын қалайтындықтарын жазған. 

5 сыныптардан   «Біз бесінші сыныпта оқимыз» атты коррекциялық сабақ жүргізілді.

Мақсаты: Балаларға өздерін тануға, сезімі мен қабілетін түсінуге көмектесу      Психологиялық және педагогикалық көмек көрсету, оқушылар арасында үрей қорқыныш деңгейлерін анықтап, психологиялық дайындық орнату.    

 Түзету сабағы барысында оқушылармен түрлі: «Досыма сыйлық», «Көңіл-күйді сұрау», «Жылы сөз-жанға шипа» сияқты жаттығулар және еркін тақырыпта сурет салу сияқты көптеген ойындар ойнатылды. Оқушылардың салған суреттеріне қарағанда олар достықты, бейбітшілікті, табиғатты жақсы көретіндері байқалды. Олар бір –біріне жылы сөздер айтып, бір-біріне арнап жасаған сыйлықтарын тарту етті.Тренингке оқушылар белсене қатысып, бір-біріне деген сыйластық қасиеттері арта түсті, ойындарға үлкен қызығушылықпен атсалысты.  

Сонымен қатар 5-ші сынып ата-аналарынан сауалнама алынды.сауалнаманың нәтижесінде берген жауаптардың  көрсеткіші  бойынша   ата-анамен  балалар  арасындағы   қарым-қатынаста  бірін-бірі  түсінушілік,   сыйласымдық  бар  екендігі   көрініп  тұр.

Қорытынды:

    Сонымен,   оқушы  кіші  мектеп   жасынан  орта  мектеп   жасына  өтудегі  пәндік   бейімделу  кезіндегі  жүргізілген   психологиялық  зерттеу  жұмыстарының   корытындысы  төмендегідей  нәтиже   берді.

1.Мектептегі   мазасыздық  деңгейі  төмен ( 70% -норма)

2.Топтық   бірлік  жоғары

      3. Мен   бейнесі  үйлесімді ( өзін-өзі  бағалау – жағымды )

     4. Баланың   эмоционалдық  дамуы   жағымды   динамиканы  көрсетеді

  1. Өзіне  сенімділігі   және  өзінің  мүмкіндіктеріне  сенімі   қалыпты   жағдайда
  2. «Мұғалім»  бейнесіне,   мектепке,  сыныптарына  қанағаттанарлық  қарым-қатынас   құрылған.

Оқушылармен  сондай-ақ  «Кім   екенін  тап»,  «Көңіл –күйімізді  жаттықтыру»   сияқты  әртүрлі психологиялық  ойындар,   тренингтер  ұйымдастырылды. Бақылау  кезеңін  саралай   келе  оқушылардың  бейімделу   кезеңі  қанағаттанарлық  деңгейде   өтті  деп  бағалауға   болады.


9 «А», 9 «В»  сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын анықтауға арналған диагностиканың нәтижесің есебі


2021 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында 9 «А» және 9 «В» сыныбының оқушыларынан кәсіби бағыттылығын анықтау мақсатында бірнеше экспресс-тестілер алынды.

Қазан айында «Сенің кәсіби ой-ниетің» 2 тапсырманы тек түсіндірме ретінде айтылып өтті. «Мамандық туралы хабар» әр адамда қайсыбір қызмет түріне деген икемдігі бар. Мамандық таңдау осы икемділіктерге орай жасалуы қажет. Сол себепті тапсырма екі бөлімнен тұрады: біріншісінде оқушылар өз бойындағы басымырақ қасиеттерін айтып көрсетті: олар – жақсы жады, байқағыштық, техникамен әуестенушілік ,салауатты –ой  және саяхатқа шығуға құмарлық. 

Бұл тапсырмада оқушылардың көрсеткен нәтижесінде 10 сыныпта оқитын оқушылар 9 «А» сыныбында 6 оқушы, 9 «В»- 7 оқушы. Колледжге кетем деуші – 9 «А» сыныбында 9 оқушы, 9 «В»- 13 оқушы . 

Оқушылар таңдаған мамандықтарының мазмұны туралы, жұмыс шарттары туралы білетіндіктерін айтты. Жұмыс істеймін деп көрсеткен оқушылар болмады.

Тапсырманың екінші бөлімінде кейбір кәсіпті игеруге кедергі келтіретін қасиеттерді атап көрсетті. Олар: денсаулықтың нашарлығы және ашуланғыштық, ұқыпсыздық пен салақтық.  

Қараша айында Кәсіби-тұлғалық типті бағалау мен тұлғаның әлеуметтік бағытын анықтау үшін Джон Голландтың әдістемесі қолданылады. Ол тұлғаның 6 түрін бөліп көрсетеді. 

Нәтижесі төмендегідей: 

Сынып

Басқа адамдар 

Табиғат

Техника

Белгілер жүйесі

Көркем образ

Адамның өзі

9 «А»

34%

6%

6%

28%

13%

13%

9 «В»

10%

10%

15%

15%

25%

25%

Бейімділік картасы «Мен қаладым»  саралаушы-диагностикалық сұрақнама картасының нәтижесінде 9 «А» сыныбынан:  Сапар Данияр-табиғат және белгілер жүйесі шықты екі мамандыққа бейімді екені анықталды. 

Аты-жөні 

Бейімі 

Ұсынылатын қызмет түрі

1

Ерғали Аян, Тұрсынғали Аяулым

Адамның өзі

Спортсмен,     шаштараз, хатшы,

 актер, цирк әртісі, каскадер

2

Қалел Қарақат,Қасен Ернұр

Көркем образ

Мүсінші, бухгалтер, дизайнер, режиссер, кино саласы

3

Нияжқажы Ернұр

Техника 

Авиация, компьютер маманы, 

инженер-технолог, металлургия

4

Қасен Балауса, Абдолда Аружан, Амангелді Ернұр, Амангелді Ақтілек, Ниязқажы Арнұр

Басқа адам 

Мұғалім, психолог, дәрігер,

 әлеуметтік қызметкер, тренер, менеджер, тренер, сатушы.

5

 Ерікқызы Аяулым, Сапар Данияр

Белгілер жүйесі

Бухгалтер, экономист, корректор, аудармашы, программист.

6

 Нұрбекұлы Дврхан

Табиғат

Агроном, кинолог, гүл, ара өсіруші, фермер. /Биотехнология/




9 «В» сынып көрсеткіші

Аты-жөні 

Бейімі 

Ұсынылатын қызмет түрі

1

Дүйсенбеков Айбол, Жұмағазы Алтынай, Нүкен Жәнібек, Жексенбин Дамир 

Адамның өзі

Спортсмен,     шаштараз, хатшы,

 актер, цирк әртісі, каскадер

2

Ертаева Камила, Ертаев Ералы, Алмасқызы Іңкәр, Бөкен Альбина, Күмпейіс Аяулым, 

Көркем образ

Мүсінші, бухгалтер, дизайнер, режиссер, кино саласы

3

Теңізбай Аян, Серік Біржан, Жанат Мейіржан

Техника 

Авиация, компьютер маманы, 

инженер-технолог, металлургия

4

Серікханқызы Елдана, Оралбекова Перизат, Нұрғазы Даурен 

Басқа адам 

Мұғалім, психолог, дәрігер,

 әлеуметтік қызметкер, тренер, менеджер, тренер, сатушы.

5

 Нұрсұлтан Дильназ, Мұхтврқызы Ақерке, Асхатқызы Шырын

Белгілер жүйесі

Бухгалтер, экономист, корректор, аудармашы, программист.

6

Рамазан Медеу, Сүлейменұлы Қалжан

Табиғат

Агроном, кинолог, гүл, ара өсіруші, фермер. /Биотехнология/




Бейімділік картасы «Мен қаладым»  саралаушы-диагностикалық сұрақнама картасының нәтижесінде 9 «В» сыныбынан:  1 оқушыда бірнеше қызметке бейімді оқушылар Серікханқызы Елдана-Басқа адам және табиғат. – Ертаев Ералы көркем образ және табиғат. Мұхтарқызы Ақерке - белгілер жүйесі және адамның өзі. Рамазанов Медеу –табиғат адамның өзі. Асхатқызы Шырын- көркем образ, белгілер жүйесі. Осы оқушылар екі мамандыққа бейімді екені анықталды. 

Желтоқссан айында Кәсіби-тұлғалық типті бағалау мен тұлғаның әлеуметтік бағытын анықтау үшін Джон Голландтың әдістемесі қолданылады. Ол тұлғаның 6 типін бөліп көрсетеді. 

Нәтижесі төмендегідей: 

Сынып

Реалист. Тип

Зияткерлік. Тип

Әлеумен. Тип


Конвен. Тип

Іскерлік 

Тип

Әртістік

Тип

9 «А»

18%

12%

24%

16%

30%

0%

«В»

12%

12%

18%

5%

48%

5%


Зерттеу нәтижесінде  9 «А» сыныбынан 4 оқушы әлеуметтік тип, 2 оқушы – іскер тип, конвенционалды тип 1 оқушы,  зияткерлік тип-3оқушы,  екі түрлі типті көрсеткен 5 оқушы олар: Абдолда Аружан- конвенционалды, іскер тип. Ерғали Аян – әлеуметтік және іскер тип. Жүнісхан Дарина- іскер және зияткерлік тип. Нұрбекұлы Дархан- іскер және зияткерлік тип. Ниязғажы Арнұр- іскер және зияткерлік тип болып шықты. 9 «В» сыныбында әлеуметтік тип -6 оқушы, іскер тип-3 оқушы, конвенционалды тип- 3 оқушы, зияткерлік тип-1оқушы, реалистік тип-1 оқушы таңдады. 6 оқушы екі түрлі типке жатады олар: Алмасқызы Іңкәр- әлеуметтік және әртістік, Теңізбай Аян- зияткерлік және іскер тип, Жұмағазы Алтынай- әлеуметтік және конвенционалды тип, Рамазан Медеу- әлеуметтік және конвенционалды тип, Бөкен Альбина- әлеуметтік және әртістік, Күмпейіс Аяулым- әлеуметтік және әртістік,

Диагностиканың нәтижесі шығарылып, оқушыларға таныстырылды.  Әр тип анықтамасымен таныстырып, оқушылардың қандай мамандыққа   жақын екендігі туралы айтылды.

9 «А» «Кәсіби тұлғалық типті бағалау» Д.Голлонд тестісінің нәтижелері:

Қатысқан оқушылар саны: 15    

Типі  

Саны

Ұсынылатын қызмет түрі

1

Реалистік тип

-

Механик, жүргізуші, агроном, спорт саласы.

2

Әлеуметтік тип

Қасен Балауса, Қалел Қарақат, Амангелді Ақтілек, Сапар Данияр.

Мұғалім, дәрігер, психолог

3

Конвенционалды тип

Тұрсынғали Аяулым,

Бухгалтер, кассир, банк қызметкері

4

Іскер тип

Амангелді Ернұр, Зейнолданов Дамир, Жүнісхан Дарина, Нұрбекұлы Дархан, Абдолда Аружан, Ниязғажы Арнұр

Әртіс, журналист, дипломат, телеоператор, меңгеруші, директор.

5

Әртістік тип

Ерғали Аян

Музыка, сурет, әдебиет

6

Зияткерлік тип

Қасен Ернұр, Ниязғажы Ернұр, Ерікқызы Аяулым

Математика, география, геология, физика саласы

9 «А» сынып диаграммасының көрсеткіші


9 «В» «Кәсіби тұлғалық типті бағалау» Д.Голлонд тестісінің нәтижелері:

Қатысқан оқушылар саны: 20    

Типі  

Саны

Ұсынылатын қызмет түрі

1

Реалистік тип

Нүкен Жәнібек

Механик, жүргізуші, агроном, спорт саласы.

2

Әлеуметтік тип

Ертаева Камила, Сүлейменұлы Қалжан, Дүйсенбек Айбол, Алмасқызы Іңкәр, Серікханқызы Елдана, Оралбекоа Перизат, Асхатқызы Шырын, Күмпейіс Аяулым, 

Мұғалім, дәрігер, психолог

3

Конвенционалды тип

Мұхтарқызы Ақерке, Жұмағазықызы Алтынай, Рамазан Медеу, Жексенбин Дамир, Нұрғазы Даурен

Бухгалтер, кассир, банк қызметкері

4

Іскер тип

Жанат Мейрлан, Серік Біржан, Ертаев Ералы

Әртіс, журналист, дипломат, телеоператор, меңгеруші, директор.

5

Әртістік тип

Бөкен Альбина

Музыка, сурет, әдебиет

6

Зияткерлік тип

Нұрсұлтан Дильназ, Теңізбай Аян

Математика, география, геология, физика саласы

9 «В» сынып диаграммасының көрсеткіші




Қызығушылық картасы 29 қызмет саласына бағытталған 174 сұрақтан тұрады. Жауап парағы 29 қатар, 8 бағаннан тұрады. 

 Оқушылардың басты қызығушылықтарын анықтау үшін сұрақтар тізімін ұсынылды. Әр сұраққа зейін қойып, дәл жауап беру ұсынылды. Бірде-бір сұрақты тастамай, барлығына түгел жауап беруге тырыс деген нұсқау айтылды..

Нәтижесі төмендегідей: 

Вопросы

Математикалық бағыт

Гуманитарлық бағыт

9 «А»

20  %

80 %

9 «В»

25%

75%



9 «В» сынып көрсеткіші:




Биылғы 9 «А», 9 «В» сынып оқушыларының көрсеткіш бойынша  екі сыныптың оқушылары да гуманитарлық бағытта екендігі анықталды.

Сонымен қатар желтоқсан айында оқушылардан кәсіби қызметке деген ынтасын зерттеу сауалы жүргізіліп қорытындысы төмендегідей.

Сынып 

Жеке еңбегінің ынтасы

Әлеуметтік маңызы бар ынта

Еңбектегі өзін-өзі көрсету ынтасы

Кәсіби шеберліктің ынтасы

9 «А»

10%

10%

33 %

47%

9 «В»

10%

15%

25%

50%


Қорытындылай келе, 9 «А» сыныбы бойынша оқушылардың Жеке еңбегінің ынтасы 2 оқушы,  2 оқушы әлеуметтік ынта , Еңбекте шыңдалу ынтасы 4 оқушы, кәсіби шеберлік ынтасы 6 оқушы екендігі анықталды. 9 «В» сыныбы бойынша Жеке еңбегінің ынтасы 2 оқушы,  3 оқушы әлеуметтік ынта , Еңбекте шыңдалу ынтасы 5 оқушы, кәсіби шеберлік ынтасы 10 оқушы. Сауалнама қорытындысында оқушылардың   бойынан  ынта бейімділіктері байқалды.

9 «А» сынып диаграммасы


9 «В» сынып диаграммасы


Сонымен қатар осы айлықта « Мамандық туралы сіздің пікіріңіз», «Болашақта ең қажет ететін 10 мамандық» атты слайд көрсетіліп түсіндірме жұмысы  жүргізіліп, нәтижелері өңделіп талдауы жасалды. 

9 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысына қатысып келер жылы оқушылардың орындаған сауалнамалардың қорытындысы бойынша мәліметтер берілді.

Қорыта айтқанда быйылғы 9 сынып оқушылары гуманитарлық бағыт

 бойынша оқытылатыны анықталды.

2021-2022 оқу  жылыннда ТДС сыныптарымен жүргізілген жұмыстарының есебі


2021 - 2022 жылында түзету-дамыту сыныбының жетекшісі – Г.М.Зопорожец 5 оқушы, қазақ бөлімінде 5 оқушы қабылданды. Сынып жетекшісі –А.Д.Куленова . ТДС-мен жүргізілетін психологиялық жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілген. 

  Сыныппен балалардың психикалық даму қарқынын анықтау мақсатында оқушылармен түрлі диагностикалық әдістемелер жүргізілді. Бұл диагностикалық әдістемелерді алу мақсатымыз балалардың танымдық үрдістерінің даму динамикасын анықтау болатын. 

Сынып жетекшілерімен бірлесе жұмыстар жүргізілуде. Жоспар бойынша  баланың өзін-өзі бағалау мақсатында «Баспалдақ», «Мен қандаймын?» әдістемелер жүргізілді. Оқушының мектепке оқуға деген қарым-қатынасынын анықтауға сауалнама алынды. Оқушылардың зейінді дамыту мақсатында «Белгілерді қойып шық» әдістемесі алынды. Ес үрдісін дамыту мақсатында  «Қысқа мерзімде көріп есте сақтауды анықтау», «Жедел есту есін анықтау». Қиялды дамыту мақсатында «Сурет» және «Мүсіндеу» әдістемелері жүргізіліп нәтижесі өңделді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында Түсініктерді айқындау, себептерін табу, объектілердің ұқсастығымен айырмашылықтарын анықтау әдістемесі алынды.    Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында Түсініктерді айқындау, себептерін табу, объектілердің ұқсастығымен айырмашылықтарын анықтау әдістемесі алынды.  Сөйлеу қабілетін дамыту мақсатында  «Сөз сызбалары» әдістемесі жүргізілді.Тұлғалық қасиеттерін анықтауға «Темперамент типі» әдістеме алынды. Оқушылармен ойындар жүргізілді, атап айтсақ «Кім екенін тап», «Фотоапарат», , «Мен қапқа салдым» деген  ойындар жүргізілді. 

Оқу жылының екінші жартысында жоспарға сәйкес мыадай жұмыстар жүргізілді: «Кіші мектеп оқушыларының ақыл ой деңгейініңдамуын анықтау», Оқу мотивациясын анықтау, «Артығын тап», «Мюнстенберг», «Сөздік кескіндерді оқу» мектептегі  алаңдаушылық деңгейін анықтау әдістемелері жүргізіліп қортындысы шығарылған.

ТДС сыныбымен жүргізілген жұмыстар өз деңгейінде жан-жақты жүргізіліп, оқушылардың бойында психологиялық даму өзгерістері байқалды.  Оқушылардың танымдық үрдісі қалыпты жағдайда белгіленіп, диагностикалық әдістемелер жұмысы жанданды. Оқушылардың уақытпен оқу жылдамдығын байқап, әрқайсысына өз шамаларының мөлшерін анықтадық. Осы жұмыстарды жүргізу барысында оқушылардың даму динамикасының біршама ілгерілегенін байқадық. 

Бірінші жарты жылдықтан кейін өз сыныптарына Ә.Сафарғали (қазақ бөлімінен) Орыс сыныбынан Мельников И ауыстырылды. Екі оқушы отбасы жағдайымен басқа жаққа кетті.

Үйден оқитын оқушымен жыл басында жүктеме сағаттары бөлініп жоспары жасалынып, бекітілген және сол бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үйден оқыту бағдарламасы бойынша  5 сынып оқушы Лияс Шұғыла және 1 сынып оқушысы Айзат Оралбек оқиды.  Бұл оқушыларға пән мұғалімдері тағайындалып, мұғалімдер оқушылардың диогназы бойынша арнайы бағдарлама бойынша оқытылады. Бұл оқушылармен жүргізілген жұмыстардың қортындысы шығарылады. 


11 сынып оқушыларын қорытынды атестаттауға және ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындауға арналған жұмыстарының есебі.


Мақсаты:  Мінез-құлқын және эмоцияларын басқара алуына үйрету, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету.

Міндеті: 1. Қобалжуға байланысты туатын жеке-даралық реакциялар туралы түсінік беру, оны жеңуге болатын мүмкіндіктер мен әдістерімен   

                    таныстыру. Жүйке жүйесіне күш түсіруден сақтандыру үшін психологиялық көмек беру.

         2. Эмоционалдық күйзеліс сезімінен арылуға көмектесу. 

         3. Сенімді мінез-құлық дағдысын қалыптастырып, стресске қарсы шығу.

Қыркүйек айында «Стресс-тест», қараша айында 

Оқушылардың емтиханға дайындық деңгейін анықтау сауалнама, Зейінді  дамыту жолдары «Мюнстенберг» әдісі, «Тілек», «Радар» тәсілі жаттығулар жүргізілді.

Мектеп оқушыларының арасында өзіне-өзі қол  жұмысау (суицид) жағдайларын  болдырмау   және суицидалды  мінез-құлықтың  алдын-алуға   байланысты  құрылған  мектепшілік 2021-2022 оқу жылына арналған  психологиялық   жоспары  құрылды  және   психология  саласы  бойынша тәрбие  орталығымен,   сынып  жетекшілерімен  бірігіп   тиісті  шаралар  атқарылды.   Суицидтің  алдын  алу   және  болдырмау  жұмыстары   келесі  бағыттарда  жүзеге   асырылды.                                                     1.Диагностикалық  зерттеу  жұмыстарын   жүргізу.

2.Суицидтік   қауіпі  бар оқушыларды  анықтау,   суицидтік   қауіпі  бар   балалар  тобын  және   оның  айналасын  психологиялық-педагогиқалық  сүймелдеу.                                                                                                                                3.Сауалнама  бойынша  сынып   жетекшілерімен, дәрігер   мамандарымен өзара  әрекеттесу,  мектептегі   барлық  оқушыларды  өмірлік   құндылықтарды  үгіттейтін  тәрбиелік   жұмыстарға  қатыстыру.                                                                       

4.Алын  алу  ретінде   сынып  жетекшілерімен  бірге   тәрбиелік  іс-шараларды  өткізу.   Негізгі   мақсаты-өмірге  көзқарастарын   дұрыс  бағыттау  және   сыныптағы  психолгиялық  климатты   оңтайландыру  (мысалы:  педагогтарға   арналған  эмоционалдық  күйдің   алдын  алу  бойынша   сабақтар, психикалық  өзіндік  реттеу   қабілеттерін  қалыптастыру,  коммуникативтік  қабілеттерді   арттыру  бойынша  сабақтар   және  т.б.)   

Осы  бағыттар  бойынша   мектебімізде  арнайы  психологиялық   қызмет  құрылып,  төмендегідей   жұмыстар  жүргізілді:                                                            

     Сынып  оқушыларымен   үнемі  сырттай  бақылау   жүргізіледі.  Яғни,  оқушылардың   жекелік  қасиетін  анықтау,   үзіліс  кезеңдерде  оқушылардың   айналасындағылармен   қарым-қатынасын  бақылау,     1-11 сыныптың  сабақтарына   қатысу,  жеке  сөйлесіп   кеңес  беру,      ата-аналарымен  байланысып,   түсіндірме  жұмыстары  жүргізілді.

Суицидалды   мінез-құлықтағы  оқушыларға  арнайы   көмек  ретінде  оның   ішкі   жандүниесіне  сенімділік   орнату,  рухани  күш   беру  мақсатында  жеке   кеңес  беру  жұмысы   ұйымдастырылды  және  жасалған   жұмыстар  арнайы  жұрналдарға   тіркеліп  отырылды.  Барлық   сыныптың  оқушыларына  жеке   педагогикалық-психологиялық  мінездеме  жасалды.                           

Жағымсыз іс-әрекетке   барғызбаудың  алдын-алу  жұмыстарына   байланысты  әңгімелесу,  пікірлесу   әдісі,  жиналыс  жасау,   сынып  жиналысы,  тәрбие   сағаты  т.б.  іс-шаралар   ұйымдастырылды.

Қыркүйек айында 9-11 сыныптар арасында  суициалды мінез құлықты ескерту және алдын-алу бойынша . 6-11   сынып  оқушыларының  арасында   «Қауіп тобындағы»  оқушыларды  анықтау   мақсатында  6-10 сыныптартар арасында (Т.И.Балашовтың) «Зунг шкаласы» сауалнама  жүргізіліп қорытындысы өңделген.Тұлғалық  қабілеттері   жөнінде  мәліметтер  жинақталды.   Мектептің  тәрбие  ісі   жөніндегі  орынбасарлары, әдеументтік педагог және  сынып  жетекшілерінің  ұйымдастыруымен  5-11 сынып  оқушылары   арасында  аталып  отырған   мәселе  төңірегінде «Мен  өмірді   сүйемін» атты  шығарма жазылып  қортындысы жазылды. 

  «Мен  өмірді   сүйемін» тақырыбында   сурет байқауы 1- 4сыныптар арасында  өткізілді.қорытындысында оқушылардың өмірге деген көз қарастастары оң екендігі және оқушылар табиғатты бейбітшілікті суреттеген. Сонымен   қатар  1-11  сынып   оқушыларының  ата-аналарына «Отбасындағы жанжал мен орынсыз дау-дамайлар бала психикасына әсер етеуі »тақырыбында психологтар тарапынан кеңес берілді. Суицидтік мінез-құлқы бар «тәуекел топтағы»оқушыларды анықтауға 6-8 сыныптарарасында (Д.Расельдің) саулнамасы алынып,қорытындысы өңделді. Нәтижесінде тәуекел топтағы оқушылар анықталмады. Сонымен қатар жоспардан тыс 1-11 сыныптардың ата-аналарына «Қатаңдық пен зорлықсыз балалық шақ» атты баяндама оқылды. Мақсаты : зорлық зомбылықтың алдын алу. Өз бастарында кездесетін проблемаларды оларды шешу жолдары жайлы ата-анаға түсінік , кеңес беру. 8-11 сыныптар арасында «Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат»  атты пікірлесу өткізілді. Мақсаты. Жас өспірімдерге адам баласын аздыратын жұқпалы аурулардан аулақ болуға ,салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 9-11 сыныптар арасында   СБЗ сауалнамасы алынды. Мақсаты: оқушылардың суицидке бейімділігін күйзелісін анықтау. Алынған сауалнаманың нәтижесінде суицидке бейім оқушылар анықталмады.   Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Ш.Джанакова және сынып жетекшілер «Қыз балаға қырық үйден тыю» атты дөңгелек үстел жүргізілді. Ата-аналармен  ҰБТ ға   байланыста  рухани  күш   беру  мақсатында әңгімелесу  әдістері,   кеңес  беру, сауалнама  әдісі   бойынша  зерттеу  жұмыстары    жоспар бойынша  жүргізілді.

2022 оқу жылында   «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік жағдайдың және жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу» жұмыс жоспары негізінде ай сайын  агресивті және жоғары мазасыздыққа бой алдыратын оқушыларды тексеріп, тексеріс нәтижесінде 5 оқушы анықталды. Олар: 4 сынып оқушысы Самоделькин Адриян, 7 сынып оқушысы Айдархан Сауат, 8 сынып оқушылары Новикова Каралина, Новикова Ирина. 9 сынып оқушысы Коняшкин Андрей. Бұл балалардың жоғары агрессивтілігі дәрігерлер, педагогтер мен психологтар үшін ғана емес, сонымен бірге тұтас қоғам үшін де негізгі пробремалардың бірі болып отыр. Агрессивтілік мінез-құлыққа апарар ниет, жағдай. Ал агрессиялық әрекеттің өзі – баланың өзгелерге залал келтіруге бағытталған мінез-құлқы. Агрессивті жағдай ашу, жаулық, жеккөрушілік, т.б. эмоциялар арқылы көрініс табады. Әрекет міндетті түрде өзге адамға залала келтіру: балағаттау, қорлау, төбелес, ұрып-соғу, т.б. түрінде көрініс берді. Анықталған балалардан осы жоғарыда аталған мінез құлықтар байқалды. Осы аты аталған оқушыларды қауіп тобындағы балалардың есебіне алынды.

  «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік жағдайдың және жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу» жұмыс жоспары негізінде ашуға тез бой алдыратын, сабыр сақтай алмайтын оқушылармен жеке кеңестерді мектеп психологтары осы оқушылармен арнайы жұмыс жоспары құрылып сол бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Оқушылар арасынан алынған диагностикалық карта жүргізудің барысында ашуға тез бой алдыратын, сабыр сақтай алмайтын мінезді балалар анықталды. Ашуға тез бой алдыратын оқушылар көбіне ата анасы бірге тұрмайтын, жартылай жетім көбіне анасы қайтқан оқушылар болып анықталды. Осы ашуға тез бой алдыратын және сабыр сақтай алмайтын оқушылармен жекелей жұмыстар жүргізіліп отырылды және керекті кеңестерін де балаға берілді. 5-9 сынып оқушыларының құқықтық білімін анықтау мақсатында «Біз неге құқылымыз?» тақырыбында сауалнама алынып нәтижесінде оқушылардың құқықтық білімі орташа деңгейді көрсетті. Құқық бұзушылықтың алдын-алу барысында оқушылардан «Бопсалау дегеніміз не?» қалай түсінетінін, жоғарғы сыныптардан әлімжетік, жәбір көріп жүргенін білу, анықтау жұмыстары, «Қылмыс неден басталады», «Біз неге құқылымыз» сауалнамалары алынып оқушылардың құқықтық білімдерін анықталды.. 


Бастауыш   сыныптардың  өзін-өзі  бағалауының,   өзіне  деген  сенімділігінің  деңгейін,   сонымен  қатар  психологиялық   дамуында  ауытқуы  бар   балаларды  зерттеу  үшін   «Әлемде  жоқ  жануар» әдістемесі пайдаланылды. 2-4 сыныптар  арасынан  зерттеуге   75 оқушы  қатысты. Барлық  оқушының   салған  суреттері  толық,   жеке-жеке  қаралып,  талданды. Және  салынған   суреттің  әр  деталінің   түгелдігі  ескерілді.  Ал   жұмыс  жасалу  барысында   өз  ойларын  жинақтай   алмаған,  әдістеменің  шартын   бірден  түсіне  алмай,   қиындық  туғызған  балалар да   болды.  Мұндай  оқушылар   назардан  тыс  қалған   жоқ.  Алдағы  уақытта   арнайы  қиялын,  ойлауын   дамыту  жұмысы  жүргізу   жоспарланды.  Осы  әдістемені   қортындылай  келе  оқушылардың 40%-ының  өзін-өзі   бағалау  деңгейі  өте   жоғары, 45%-ы  орта,  15%-төмен   деңгейдегі  көрсеткіште  тұр.   Мазасыздану  және  қорқыныш   белгілері  5 сыныптың  оқушыларынан   айқын  байқалады. Бұл  оқушылармен   жеке  жұмыс  жасалды.

5-11 сынып   оқушылары  және  ата-аналармен   «Сіз балаңызды білесіз бе? »  тақырыбында   сауалнама  өткізілді.    Мақсаты:  ата-анамен  бала   арасындағы  түсініспеушіліктердің  болу   себептерін  түсіндіру,  суицид   оқиғаларының  алдын  алу.

5-6  сыныптар  арасында   өзара  қарым-қатынасты  анықтау   мақсатта  «Социометрия»  әдісі   пайдаланылды.  Осы  әдісті   пайдалану  арқылы  сыныптағы   «шектеулілер»  мен  «жұлдыздар»   анықталды.  «Шектеулі»  топтағы   оқушылармен  жеке  жұмыс   жүргізілуде.  Зертеу  нәтижесі   бойынша  сынып  жетекшілерімен  талдау   жүргізілді  және  жеке   коррекциялық  жұмысты  қажет   ететін  топ  оқушылары   анықталды.

Конфликт   жағдайында  әсер  ету   амалдарына,  эмоциональды  жағдайды   реттеуге  бағытталған  тренингтер   әзірленді  және  жүргізілуде.   Пайда  болған  мәселелер   бойынша  ата-аналармен,  сынып   жетекшілер,  оқушылармен  жеке   консультациялар  өткізілді.  Өткізілген   зерттеулер  нәтижесі  бойынша   келесі  көрсеткіштер  айқындалды:   85%-оқушылар,  келеңсіз  жағдайларды   өз  қалпында  қабылдайды,   өз  рухани  тепе-теңдігін   сақтайды,  кек  сақтамайды.

15%-оқушы,   олар  тағдыр  тауқыметіне  шыдай   бермейді.Олар  мәселе  туындаса   көңілсізденеді,  немесе  іштен   тынады  және  басқа   адамдарды  ренжітеді.

Отбасындағы   кризисті  жағдайдың  жоғары   көрсеткіші  30,8%  онымен   қатар  мектептегі  проблемалар   24,8%  және  көшеде   28,7%;  15,8%  достар.

Міне,  осындай  сауалнама   нәтижесінде  тек  зерттеп   қана  қоймай,  әрі   қарай  мүмкіндігінше  дамытушылық,   түзету  жұмыстары да  жүргізілуде.       Осы   орайда  айта  кететін   жайт, әрбір  сынып  жетекші   өзінің  сыныбындағы  әрбір   оқушының  отбасын,  баланың   мінез-құлқын,   ерекшеліктерін,  оқу  үлгерімін   жатқа  білуі  тиіс. 

Сынып   жетекшілер  сыныбымен  диагностикалық  ағартушылық,   түзету-дамытушылық  жұмыстар  жүргізіп,   ата-анамен,  мектеп  психологымен   тығыз  қарым-қатынас  жасап   отыруы  шарт.

Сынып   жетекшілерге  сыныбы  толығымен   сенім  арта  білсе,   оқушылар  ішкі  ойын   ашып  айта   алатын   жағдайға  жетіп,  аталмыш   келеңсіздіктерден  аулақ  жүретін   едік....

Қорыта   айтқанда,  жыл  басынан   бергі  атқарылған  жұмыстар   бойынша  жүзеге  асырылуда.   Негізгі  мақсатымыз – оқушыларымызға,  педагогтарға  өмір   құндылықтарын  үгіттеу  және   білім  беру  мекемесіндегі   психологиялық  климатты  оңтайландыру (мысалы:  педагогтарға   арналған  эмоционалдық  күйдің   алдын  алу  бойынша   сабақтар,  психикалық  өзіндік   реттеу  қабілеттерді  арттыру   бойынша  сабақтар, кеңес және  т.б.) жүргізілді.

2021-2022 оқу жылында   үлгерімі төмен оқушыларды анықтап тізімі алынды. Үлгерімі төмен оқушыларға арнайы психологиялық жоспар құрылып мектеп директорымен бекітілді.  2-9 сынып аралығында үлгермейтін оқушы саны 29 болды.  Бұл оқушыларға арнайы құрылған жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.Әрібір баланың ішкі жан дүниесін түсіну мақсатында «Темперамент типі» сауалнама,  Оқушылардың оқу мотивациясын анықтау мақсатында  «Оқу мотивациясы» тесті алынды.

Мақсаты: Оқушыларға   ұнайтын, ұнамайтын және қиындық тудыратын пәндерін анықтау.Қорытындысында 35% оқу мотивациясы жоғары, 65 пайызы ортаңғы деңгейде екендігі анықталды. Қорыта айтқанда оқушылардыңмектепке көз қарастары жақсы. Пәнге қызығушылықтары бар бірақ тез ұмытып қалатындықтарын айтты. Сонымен қатар оқушылардың есте сақтау, қабылдау, зейін, ойлау,қабілеттерін анықтау мақсатында түрлі әдістемелер жүргізіліп нәтижесі шығарылды.

 2020-2021 оқу жылында мектебімізде қазақ сыныптарынан 45 дарынды оқушы бар. Бұл оқушылар олимпияда да ғылыми жобаларға қатысқан оқушылар. Сонымен қатар сурет, ән, би   өнеріне, спортқа бейім оқушылар. Психологиялық тұрғыда арнайы жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілген. Бұл оқушыларға жас ерекшелігіне қарай диагностика жұмыстары жүргізілді. Қазан айында 5-11 сыныптарға  «Жалпы дарындылықты бағалау» әдістемесі жүргізіліп нәтижесінде оқушыларымыздың бойында спортқа және гуманитарлық бағытқа бейім екендігі анықталды. Желтоқсан айында бастауыш 2-4 сынытардан Интеллектуалды даму деңгейін анықтау мақсатында Э.Ф.Замбициявичтің тесті алынып нәтижесі өңделді. Қараша айында. Орта буын 5-8 сынып дарынды оқушыларынан Интеллектуалды даму деңгейін анықтау мақсатында Л.Ф.Тихомированың әдістемесі жүргізілді. Қорытындылай келе оқушылардың интеллектуалды ойлау операциясының даму деңгейі  5 оқушы жоғарғы нәтиже көрсетті. Қалған оқушылар қанағаттанарлық деңгейді көрсетті. Сонымен қатар қараша айында оқушылардың қабілеттерін анықтау мақсатында «Қабілеттілік» тесті жүргізілді нәтижесінде 6-8 сынып аралығында дарынды оқушыларымыздың басым бөлігі осы жүргізілген тест бойынша гуманитарлық бағытта екендігі анықталды. Дарынды балаларды анықтау, ата-аналарымен, сынып жетекші пән мұғалімдерімен қызығушылықтары мен қажеттіліктерін анықталынып С.А. Савенков картасы толтырылды. Оқушылар бар зейіндерін салып ойланып, өз қиялдарына ерік беріп бейнелі тесті орындады.
 Дарынды балалардың. Дарынды оқушының жұмысын жүйелі тексеру, көмек көрсету, қолдау көрсету жұмыстары жүргізілді. Дарынды балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдары туралы баяндама оқылды.
 Дарынды балалармен «Мен ғажайыппын», «Менің ерекше қабілетім» тренингі жүргізіліп оқушылардың өзіне деген сенімін арттырып, әр түрлі жетістіктерге жете беруге тілектер айтылып, жаттығулар жүргізілді.

2021-2022 оқу   жылында ұжымдағы мұғалім саны 75. Жоспар мектеп директорымен бекітілген.

Ұжымға арнайы жұмыс жоспары құрылып, сол бойынша жұмыстар жүзеге асырылады. Мақсаты: мұғалімдердің мінез құлқындағы тепе –теңдігін арттыру, сенімділіктерін арттыру.

    Жыл бойы ай сайын жоспар бойынша  әдістеме, сауалнама, тренинг, тесттер жүргізілді. 

   Қазан айында «Педагогтағы агрессияны анықтау» тестті алынды. Нәтижесінде 16 мұғалім 36 ұпайдан жоғары жинады бұл көрсеткіш мұғалімдердің өз мүмкіндіктеріне толық сенбейтіндіктері анықталды. Қараша   айында  Реан сауалнамасы алынды.  Мұғалімдердің өзін –өзі бағалау деңгейлерін анықтауға арналған. Алынған сауалнаманың қорытындысында мұғалімдер 34%-ның өзін-өзі бағалаулары жоғарғы дәрежеде, қалған мұғалімдердің өзін-өзі бағалау деңгейі нормаға сәйкес, бұл 66% құрайды.      Қараша айында «Стресті қалай жеңуге болады»кеңес өткізілді. Мақсаты:педагогтардың эмоционалды көңіл күйлерін көтеру, қоршаған ортаға сенімін нығайту,кедергілерді жою. Желтоқсан  айында   мұғалімдерге   5 сынып оқушыларының бейімделу жұмысының нәтижесі оқылды. «Депрессиядан қалай арылуға болады» кеңестер айтылды. Барлық алынған жұмыстардың нәтижесі өңделіп қортындыланды. Ұжым арасында ешқандай келіспеушілік жағымсыз қылықтар жоқ. Ұжымда психологиялық ахуал орнаған.

    Биылғы 2021-2022 оқу жылында мектепте 15 жас маман болды. Жас мамандарға қыркүйек айында «Жас мамандарға арналған тест » жүргізтіліп қортындысы шығарылды. Қазан айында «Стрестен арылу жолдары» призентация жүргізілді. Қараша айында «Сіз қандай мұғалімсіз?» сауалнамасы алынып қорытындысы шығарылды. Желтоқсан айында «Мұғалім агрессивтілігі» А.Асингер тесті жүргізіліп нәтижесі өңделді.

Жас мамандардың көңіл-күйлері жақсы деңгейде, оқушылармен, педұжыммен қарым-қатынастары жақсы болды. Сабақтарына қатыстым. Сабақ үстіндегі оқушылармен қарым-қатынастары, сабақ өтудегі психологиялық ахуал тудырулары да жақсы болды.

Сонымен қатар жыл басынан бері мектепте «Сенім поштасы» жұмыс істейді. Онда оқушылар өздерінің түрлі сауалдары мен талап – тілектерін де жеткізе алады, олардың хаттарына дер кезінде үн қатып, ұсыныстары мен тілектерін қанағаттандыруға тырысамыз. 

2021-2022 оқу жылынғ ІІ жарты жылдығында мектептегі психологиялық қызмет жаспар бойынша өз жұмысын жалғастырады және алға қойған мақсаттқа жетуге тырысамыз.

Келесі оқу жылына психологиялық қызмет мынадай жұмыстарды іске асыруды жоспарлайды: 1.Оқу жылының жұмыс жоспарын өзіндік жетілдіру;2.Педагогтармен, ата-аналармен және балалармен жүргізілетін бес бағыт бойынша жұмыс мазмұнын толықтыру;3.Өзіндік білімін жетілдіру деңгейін жоғарлату;4.Психолог кабинетін толық жабдықтау;5.Өз тәжірибесін басылымдарда жариялау.

Мекен жайымыз
+7(72833) 5-10-94
040209, Жетісу облысы, Алакөл ауданы, М.Шоқай көшесі, 1 үй, 2022 проект "Интерактивная школа"

040209, Область Жетысу, Алакольский район, ул М.Шокай д.1
©2016-2021, Ресми сайт «Бескөл станциясындағы №14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru