14
июнь
2022
"Балдырған" жазғы сауықтыру орталығы
Бескөл станциясындағы №14 орта мектебінің "Балдырған" атты жазғы сауықтыру орталығы өз жұмысын бастады.Жазғы лагерьде 1-4 сынып оқушылары демалыс уақытын өте қызықты деңгейде өтктізеді. Лагерьда спорттық секциялар, өнер үйірмелері, мәдени-интеллектуалды даму клубы, психологиялық көмек беру алаңы жоспар бойынша жұмыстарын толық атқаруда. Би өнері, футбол, шахмат, тоғыз құмалақ, сурет салу үйірмелерінің жетекшілері көптеген жарыстар ұйымдастырып жеңімпаздарды марапаттайды. Балаларымыз демалыс кезінде табиғат аясына жиі шығып табиғатпен сұхбаттасуға мүмкіндік алады.