10-тамыз "АБАЙ КҮНІ" » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833)5-10-94
Есепші бөлімі:
+7(72833) 5-10-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
август
2022

10-тамыз "АБАЙ КҮНІ"

Абай мұрасы - халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық. Оның әділдік, адалдық, адамгершілік идеяларына негізделген, тағылымы мол шығармашылығы - қазақ әдебиетінің жауһары. Сөзі - қазақтың бойтұмары, мұрасы – қазақтың қазынасына айналған. Бүгін Бескөл станциясындағы №14 орта мектебі кітапханасында 10 тамыз "Абай күні" атап өтілді. Ауыл кітапханасымен, мұғалімдер және балабақшамен бірігіп кітапханалық сабақ, кітап көрмесі өткізілді.  Мектеп кітапханасында қазақ халқының ұлы ақыны,  қара сөздің хас  шебері, философ, қазақ әдебиетінің іргетасын  қалаған  алғашқы классигі Абай Құнанбаевқа арналған  «Абай Әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп кітапханасы және Бескөл ауыл кітапханасы  қорынан ұйымдастырылған «Абай Әлемі» атты кітап көрмесіне Абайдың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері мен танымал тұлғалардың ақын туралы жазылған мақалалары ұсынылды.
    Абай халқымызды Отан сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиеледі. Ал туған жерге деген құрмет жақыныңа көрсеткен қамқорлықтан бастау алады. Баршамызға ортақ Абай күнімен сіздерді шын жүректен құттықтап, әрбір отбасыға құт-береке, ырыс-несібе тілейміз!
Мекен жайымыз
+7(72833) 5-10-94
040209, Жетісу облысы, Алакөл ауданы, М.Шоқай көшесі, 1 үй, 2022 проект "Интерактивная школа"

040209, Область Жетысу, Алакольский район, ул М.Шокай д.1
©2016-2021, Ресми сайт «Бескөл станциясындағы №14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru